Ана мен бала денсаулығын қорғауға ең озық шетелдік тәжірибе тартылады

    Денсаулық 9 Fevral 2024 1057

    5 февральда әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша өткен бейнеселектор жиналысында ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы бірқатар міндеттер белгіленді.

    Солардың бірі ретінде халықаралық сарапшылар қатысуындағы оқу-семинарларымен Өзбекстан Республикасының ана мен бала өлімінің көрсеткіші жоғары болған жиырма қала мен аудандардан келген мамандарды қамту белгіленген.

    Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында 8-9 февраль күндері Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-практикалық медициналық орталығы тарапынан Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, акушерлік қызметтің өзекті мәселелері және аналар өлімін азайту, босануға көмектесу жүйесіндегі мекемелерінде медициналық көмектің апасын жақсарту бойынша халықаралық оқу-семнар ұйымдастырылды.

    Семинар Қаршы қаласындағы Республикаллық ана мен баланы қорғау орталығының Хорезм филиалы базасында өтуде. Оған Қаршы қаласы мен Қашқадария, Сұрхандария, Науаи, Самарқант, Бұхара облыстарынан 30-ға жуық маман қатысуда.

    Тренерлер ретінде Беларусь Республикасының «Мат и дитя» («Ана мен бала») республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қатысты. Олардың қатарында акушер-гинекологтар, анестезиологтар, реаниматологтар да бар.

    Беларусь мамандары Өзбекстанда Ұлттық клиникалық хаттамаларды (МКП) жасау үдерісін жақсы жолға қойылғанын атап өтті. Өйткені халықаралық мамандардың жүргізетін кез келген оқытушылық үдерісінде ұсынылған материалдардың МКП талаптарына бейімдейді. Сарапшы Өзбекстандағы Ұлттық хаттамалардың халықаралық стандарттар мен өлшемдер негізінде жасалғаны және оларда заманауи және ең соңғы ғылыми дәлелдер бар екенін мойындады. Мұндай хаттамаларды жүзеге асыру ана өлімінің төмендетеді. Маңыздысы, MКП-лар жүктілік кезінде қауіпті дәрі-дәрмектерді қолданбауға әкеледі.

    Беларусь мамандары барлық Хаттамалардың бағалануы мен ДДСҰ мамандары тарапынан халықаралық сараптамадан өткізу керектігін, бұл бүгінгі күні әлемде Хаттамаларды жасаудың негізгі талаптарының бірі екенін атап өтті.

    Сондай-ақ ана мен баланы қорғау саласында Өзбекстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында ынтымақтастықты жолға қою аясында 8 февральда Өзбекстан Республикасы Мамандандырылған ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-практикалық медицина орталығы және Беларусь Республикасы Гродный облыстық атқару комитетінің денсаулық сақтау бас басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    Келісім екі елдің емдеу мекемелерінің өзара ынтымақтастығын дамыту мен нығайтуды, емдеу-профилактикалық ұйымдардың арасында тікелей байланысты кеңейтуді, практикалық медицина саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

    Бүгінгі таңда, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің алдындағы міндеті перинаталдық орталықтарды басқаруға заманалық менежменттік дағдыға ие болған шетелдік мамандарды тарту. Репродуктивті денсаулық және жүкті әйелдерді емдеу бойынша технологияларды 8,5 мың акушер үйреніп шығуы қажет.

    Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша ғылыми-практикалық медициналық орталығы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates