Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы кептеліс мәселесін шешу туралы ұсыныстар жасады

    Өзбекстан мен Қазақстан кеден қызметтерінің екіжақты жылжымалы кездесуі өтті

    Жылжымалы кездесуде Өзбекстан Республикасынан Кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Илхом Мухторов пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзырындағы Мемлекеттік табыстар комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов, сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, екі мемлекет шекара бақылау басшылығының өкілдері қатысты.

    Бастапқыда тараптар Қазақстанның «Жібек-Жолы» шекаралық-кеден бекетінде келіссөздер жүргізуді, онда негізгі назар осы күндері өзбек-қазақ шекара өткізу пункттерінде байқалған жүк автокөліктерінің кептелісіне аударылды.

    Дәл қазір, елімізде жиын-терін науқаны басталып, ноябрь айына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты күн санап арта бермек. Осы факторлардың нәтижесінде бұл күндері өзбек-қазақ шекара пункттерінде жалпы есепте мыңға жуық жүк автокөлік кептелісте тұр.

    Кездесуге қатысушылар Өзбекстанның «Ғишткуприк», «Яллама», «Сырдария» шекара кеденінің посттары, «Мәлік», «Ақ алтын» өткізу пункттерінде және Қазақстанның «Б.Қонысбаев», «Атамекен» сияқты шекаралық кеден постарында да, барлық жағдайды көріп, кептелісте тұрған жүргізушілермен сұхбаттасты.

    Тараптар өзекті мәселені жедел шешуге бағытталған ұсыныстарды жан-жақты талқылады.

    Атап айтқанда, Өзбекстан тарапы негізінен күндізгі уақытта жұмыс істейтін «Малик» (Өзбекстан) – «Сырдария» (Қазақстан) өткізу пунктін тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру, жүргізушілердің азаматтығы және транспортты тіркеуден өткізген елге қатысты шектеулерді алып тастау туралы ұсынысын алға тартып отыр. Осы мақсатта екі ел арасында 2001 жылы қол қойылған келісімдерге өзгерістер енгізу жобасы да әзірленген.

    Сондай-ақ, «Яллама» (Өзбекстан) – «Б. Қонысбаев» (Қазақстан) шекаралық-кеден постары арқылы жүк автокөліктерінің өткізу қабілетін тәулігіне 700 көлікке дейін ұлғайту туралы ұсыныс айтылды.

    Бұл үшін қосымша күштер мен құралдар, атап айтқанда, озық ақпараттық технологияларды кеңінен тарту көзделуде.

    Кездесу ашық және сындарлы рухта өтті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates