Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысты

    Билік 14 Sentabr 2023 3856

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 14 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен Орталық Азия елдері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуіне қатысты.

    Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның төрағалығында өткен саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркіменстан Республикасының Президенті Сердар Бердімұхамедов, Мәртебелі қонақ ретінде Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы Каха Имнадзе де қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес аймақтағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, оның ішінде саяси диалогты дамыту, сауда, инвестиция, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және экология салаларында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілету, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру, қауіпсіздік саласындағы заманауи қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті өз сөзінде аймақ елдері арасындағы сенімді, тату көршілік пен әріптестік қарым-қатынастарды нығайтудағы ортақ күш-жігерді жоғары бағалады.

    – Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз өмірлік маңызды мәселелерді шешуде және ынтымақтастығымызды сапалы жаңа мазмұнмен толтыруда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Біздің саяси диалогтарымыз бен парламентаралық алмасуларымыз тұрақты сипатқа ие болуда. Түрлі диалог пен ынтымақтастық алаңдары іске қосылды, – деді Мемлекет басшысы.

    Негізгі нәтиже ретінде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бірліктің нығаюы атап өтілді. Аймақ экономикалық өсу мен инвестициялық белсенділік орталықтарының біріне айналуда, Батысты Шығыс және Солтүстікті Оңтүстікпен байланыстыратын көлік торабы ретінде өзінің тарихи рөлін қайта жалғастыруды өз міндетіне алуда.

    Жаһандық үдерістердің өңірдің тұрақты дамуына ықпалы терең талданып, мұндай тәуекелдерге тиімді қарсы тұру мүмкіндігі көпжақты әріптестікті тереңдетуге бағытталған бірлескен күш-жігерді біріктіруге байланысты екендігі атап өтілді.

    Осыған байланысты Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы бірқатар ұсыныстар айтты.

    – Сауда-экономикалық ынтымақтастық өңірлік әріптестік пен интеграцияның негізгі қозғаушы күші болып табылады. Біз Өзбекстанда осы бағытта аймақ елдерімен практикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін ерекшеліктер мен шектеулерсіз толыққанды еркін сауда аймақтарын жедел қалыптастыру ұсынылды.

    Осыған орай, өңірде тұрақты сауда-логистикалық тізбектерді қалыптастыру, шекаралас аймақтарда сауда және ынтымақтастық орталықтарын ашу және кеңейту, өзара сауда туралы заңнаманы үйлестіру және осыған байланысты кедергілерді жою, кедендік әкімшілендіру, санитарлық және фитосанитарлық бақылау, тауардың шыққан жерін сертификаттау үшін бойынша бірыңғай электронды платформалар жасау, өңірлік электронды сауда алаңын құруды іске қосуды көздейтін кешенді өңірлік бағдарламаны қабылдау қажет.

    Аймақ елдері арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға баса назар аудара отырып, Өзбекстан Президенті жеңіл автокөліктер, тұрмыстық техника, тоқыма және азық-түлік өнімдерін өндіруді, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Әзірбайжанмен шекаралас аймақтардың ынтымақтастығын табысты серіктестіктің мысалы ретінде атап өтілді.

    Үшінші елдерге экспортталуы көзделген минералды тыңайтқыштар, полимерлер, металл бұйымдары, дайын тоқыма және азық-түлік өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру кооперацияны одан әрі тереңдету мен ауқымды өндірістік жобаларды жүзеге асырудың перспективалы бағыттары болуы мүмкін.

    Бірлескен күш-жігерге жүйелі түс беру үшін Орталық Азия елдерінің ұзақ мерзімді өнеркәсіптік кооперациясын дамыту стратегиясын әзірлеу ұсынылды.

    Көлік саласындағы өзара тәуелділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі сыртқы нарықтардан географиялық алшақтықты ескере отырып, біздің елдерде жүктерді тасымалдауға жұмсалатын шығындардың үлесі тауардың соңғы құнының 50%-ына жететіні атап өтілді. Бұл ретте әлемдік орташа көрсеткіш 11 пайыздан аспайды. Соның салдарынан экономикамыз дамыған елдермен салыстырғанда көлік шығындарын 2-3 есеге көтеруге мәжбүр.

    Біздің елдеріміздің көлік саласындағы әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында сала министрлерінің кездесулері аясында Орталық Азиядағы көлік және транзит туралы келісімді әзірлеу, бизнеске қолайлы болған аралық тарифтерді қолдану арқылы Қытай, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыс және Еуропалық Одақ елдерінің нарықтарына шығу үшін тиімді көлік дәліздерін дамыту туралы нақты тетіктерін қалыптастыру ұсынылды.

    Сонымен қатар, көлік қызметтері нарығын ырықтандыру және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау және халықаралық тасымалдаудың интеграцияланған цифрлық платформасын құру мәселесін қарастыру ұсынысы ортаға салынды.

    - Өкінішке орай, өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымның даму қарқыны индустрияландыру мен урбанизация процестері, сондай-ақ демографиялық өсімнен артта қалып отыр. Бүгінде бұл елдеріміздің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына елеулі қатер болып табылады, – деп энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды Мемлекет басшысы.

    Салалық министрліктер мен ұлттық компанияларымыздың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және перспективалы кеніштерді игеру, энергия ресурстарын сақтау және жеткізу бойынша қолданыстағы инфрақұрылымдарды кеңейту және заманауи инфрақұрылымдарды жасау саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сонымен қатар, электр энергиясын жеткізуге арналған жаңа магистральдық желілерді салу ынтымақтастығымыздың маңызды бағытына айналуы тиіс.

    Бұл ретте энергия көздерін әртараптандырмай, баламалы энергетика саласына инвестиция мен технологияларды тартпай, «жасыл» сутегі өндірісін қолға алмайынша өңірдің тұрақты дамуы мүмкін емес екені айтылды.

    Өзбекстан Президенті тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі осал тұстар атап өтіді. Бұл ауыл шаруашылығы саласының ғылыми-технологиялық тұрғыдан жеткілікті дамымауы, су ресурстарының тапшылығы, қосымша құн құрудың ұзақ және тиімсіз тізбегі, климаттық дағдарыс пен логистикадағы үзілістер жағдайында тұрақсыздық, дұрыс тамақтану мәселелері.

    Бұл саладағы күш-жігерді біріктіру және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қолдауымен өңірлік Әріптестік бағдарламасын дайындау маңызды. Өйткені, біздің елдерде өңірдің ішкі нарығының ағымдағы қажеттілігін азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығарудың маңызды мүмкіндігі бар.

    – Климаттың өзгеруіне байланысты қауіп-қатерлерге қарсы күрес өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ең маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты біз келесі жылдың көктемінде Самарқандта Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне арналған халықаралық форум өткізгіміз келеді, – деп, Мемлекет басшысы осы форумға аймақ елдерінің делегацияларын шақырды.

    Климат тұрақтылығы мен «жасыл» дамуды қамтамасыз етуге практикалық үлес қосу мақсатында Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша өңірлік стратегияны қабылдау бастамасы көтерілді.

    Аймақтың біртұтас климаттық күн тәртібін қалыптастыру және бірлесіп тиімді шаралар қабылдау үшін біз экология министрлері деңгейінде «Климат бойынша Орталық Азия диалогы» көпжақты платформасын құру ұсынылды.

    – Ортақ тарих, дәстүр, мәдениет пен құндылықтарға негізделген – Орталық Азияның бірегей өркениетінің ортақтығы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық біздің ең маңызды дәстүрлі басымдығымыз, – деді Өзбекстан басшысы.

    Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында Орталық Азия елдерінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау ұсынылды.

    Бұл ретте бірегей мәдени-тарихи және рухани мұраларымызды халықаралық аренада кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану қажет.

    Бірыңғай аймақтық мазмұнды контентті қалыптастыру үшін ғалымдар мен қалың жұртшылық өкілдерін тарта отырып, «Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті: ортақ өткен және ортақ болашақ» халықаралық медиа платформасын құру осы бағыттағы практикалық қадам болмақ.

    Орталық Азия елдерінің жастар саясатына ерекше назар аударылды.

    - Жастардың білімі мен дағдыларын дамыту, оларды жетілген білікті кадрлар ретінде дайындау және олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында осы бағыттағы халықаралық ұйымдар қатысуында Орталық Азия жастарының мүмкіндіктерін кеңейту және олардың әлеуетін іске асыру орталығын құруды ұсынамыз.

    Жастардың білімі мен дағдыларын дамыту бойынша күш-жігерді біріктіру, оларды жетілген білікті кадрлар ретінде дайындау және олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында біз халықаралық ұйымдардың қатысуымен Орталық Азия жастарының мүмкіндіктерін кеңейту және олардың әлеуетін іске асыру орталығын құруды ұсынамыз, – деді Өзбекстан Президенті.

    Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтілді. Қауіпсіздік мәселелері бойынша елдеріміздің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары үйлестіретін тұрақты кездесулер өткізу туралы ұсыныс қолдау тапты.

    Орталық Азия елдерінің шекарасын қорғау мен нығайтудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу және Төтенше жағдайларды болжау, алдын алу, ертерек ескерту және бірлесіп әрекет етудің өңірлік жүйесін қалыптастыру бастамасы көтерілді.

    Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі – Ауғанстандағы жағдай.

    Атап өтілгендей, Өзбекстан ауған халқына қажетті көмек көрсетуді жалғастырады, бұл үшін Термездегі халықаралық гуманитарлық хабты көмек ретінде ұсынады және Ауғанстан азаматтарын арнайы құрылған білім беру орталығында оқытуды жалғастырады.

    Трансауған теміржол құрылысы жобасын ілгерілетумен қатар Ауғанстанның ішкі көлік бағыттарын қалпына келтіру қажеттігі айтылды.бирга Афғонистоннинг ички транспорт йўлларини тиклаш зарурлиги қайд этилди.

    Сонымен қатар, Ауғанстан тарапымен шекара қауіпсіздігі, суды пайдалану және сауданы дамыту мәселелері бойынша диалог маңызды екені атап өтілді.

    Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Консультативтік кездесулер жөніндегі Ұлттық үйлестірушілер кеңесін құру туралы ұсынысты қолдап, Орталық Азия мемлекеттерінің Экономикалық кеңесін құруды ұсынды.

    Өзбекстан басшысы кездесу нәтижелері елдеріміз арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, ауқымды аймақтық ынтымақтастықты дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.

    Саммитте Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан басшысы сөз сөйледі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы саммитке қатысушыларға бейне үндеу жолдады.

    Шара соңында келесі құжаттар қабылданды: Орталық Азия елдері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуінің қорытындылары туралы бірлескен мәлімдеме, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы, арасында жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім, Орталық Азиядағы жерүсті көлігінің өзара тәуелділігін нығайту туралы келісім, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерін өткізу жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесі туралы ереже, 2022-2025 жылдарда Орталық Азиядағы денсаулық пен салауаттылықты қолдауға арналған «жол картасы».

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates