Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өтіп жатқан конференцияға Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің сыртқы істер министрлері, 44 елдің делегациялары мен 30-ға жуық халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.
Конференция жұмысын Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев ашып, Орталық және Оңтүстік Азия аймақтары арасындағы тарихи жақындық, оны қазіргі кезде өзара сенім мен қызығушылық негізінде нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде 19 ғасырда аймақтағы байланыстардың біршама үзіліп қалғанын айтып, осы тарихи байланыстарды қалпына келтірудің маңыздылығын және күш-жігерді біріктіру уақыты жеткенін мәлімдеді.
- Бүгінде әлем қауіп-қатерлер мен, жаңа мүмкіндіктерді қамтитын жаһандық геосаяси қайта құру дәуіріне аяқ басты. Осы тұрғыда 2 миллиардтан астам адам тұратын Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланыстарды қалпына келтіру маңызды әрі объективті процеске айналуда. Біздің күш-жігерімізді біздің халықтарымыздың ұлы тарихи, ғылыми, рухани және мәдени мұраларына, экономикаларымыздың бірін-бірі толықтыруына, зияткерлік әлеуеті мен еңбек ресурстарының қол жетімділігіне сүйене отырып, біріктіретін кез келді деп ойлаймын, және бұл үлкен пайда әкелетіні сөзсіз, - деді Шавкат Мирзияев.
Президент өз сөзінде осы мақсаттарға бағытталған маңызды бастамалар көтерді.
Шавкат Мирзияев Орталық және Оңтүстік Азияны тиімді және қауіпсіз байланыстыратын көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру мәселесіне ерекше назар аударды. «Терміз-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысы осы сәулеттің маңызды буыны болады. Бұл екі аймақтың транзиттік әлеуетін толығымен іске асырады, тасымалдау қашықтығы мен уақытын едәуір қысқартады. Сондықтан бұл жобаны қатысушы мемлекеттер мен халықаралық қаржы институттары қолдайтынын атап өтті.
Ғылыми, мәдени-гуманитарлық алмасулардың артуы достық пен сенімді нығайту үшін маңызды рөл атқаратыны айтылды. Осыған орай, Термізде ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Орталық және Оңтүстік Азияның тарихи мұралары бойынша халықаралық форум өткізу ұсынылды.
Конференция өз жұмысын жалғастыруда.