Оған мүдделі министрліктер мен кеңселердің, салалық бірлестіктерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің IT, энергетика, цифрлық трансформация, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, электротехника, медицина және фармацевтика және тағы басқа салаларында жұмыс істейтін 200-ге жуық ірі компаниясының өкілдері қатысты.
Форумның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп мемлекеттік министрі Рясуке Козуки сөз сөйледі.
Лазиз Қудратов Өзбекстанның экономика және сауда, өнеркәсіп пен инвестициялық ортаны жақсартудағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тиімді құқықтық нормалар енгізіліп, инженерлік коммуникациялармен, инфрақұрылым, энергетика ресурстармен қамтамасыз ету деңгейі жақсарғаны, экономикадағы мемлекеттің қатысуы қысқарып, ірі - ауқымды жекешелендіру үдерістері басталғанын тілге тиек етті.Сонымен қатар инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялар жасалғаны, ТМД елдері, GSP+ есебіне Еуропа Одағы базарларына бажсыз экспорттау мүмкіндігі бар екенін, аумақаралық көлік дәліздерін диверсификация жасалғанын айтты.
Сондай-ақ екі елдің іскер топ өкілдері арасындағы тікелей байланыстарды жандандырудың маңыздылығы атап өтіліп, барлық бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ең болашағы зор бағыты ретінде IT саласы, баламалы энергетика, білім беру, медицина, туризмді дамыту, цифрландыруды кеңейту бағыттары белгіленді.
Форум аясында «Энергетика трансформациясының болашақтары» және «Өнеркәсіпті дамудағы цифрлық трансформация. Жапония стартаптары Өзбекстан экономикасын дамыту құралы ретінде» тақырыптарда панельдік пікірталас өткізілді. Сессиялар барысында сарапшылар, министрліктер мен кеңелер, ірі компаниялардың басшылары Өзбекстан экономикасының түрлі тармақтарына жапон инновациялары мен технологияларын енгізу бойынша өз ойларын ортаға салды.
Бизнес-форум барысында «G2B» және «B2B» кездесулері де ұйымдастырылып, қатысушылар біріккен кәсіпорындар құру мен өзара мүдделі сауда келісімдерін жасау мәселелерін жан-жақты талқылады.
Форум соңында білім беру, ІТ-технологиялары, баламалы энергетика және медицина, геодезия және картографияда ғарыштық технологиялардан пайдалану салаларында 14 құжатқа қол қойылды. Арнайы «Жол картасы» қалыптастырылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.