Өзбекстанда инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың және жобаларды жүзеге асырудың болашағы зор бағыттары талқыланды

    Осы күндері Самарқант қаласында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Басқарулар кеңесінің 9-Жылдық жиналысы өтуде. Оған АИИБ-ға мүше 100-ден астам елдердің инвестициялық және қаржы министрліктерінің басшылары, үкіметтердің, көпжақты банктердің, халықаралық қаржы институттарының және шетелдік мемлекеттік ұйымдардың 2 мыңға жуық өкілдері, сарапшылар, ірі компаниялар мен инвестициялық қорлардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.

    Бүгін, 26 сентябрьде шара аясында «Жаңа Өзбекстан – үлкен мүмкіндіктерге ие үлкен мемлекет» сессиясы мен ресурстарды жұмылдыру бойынша халықаралық форум өтті.

    Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов құттықтау сөзінде АИИБ жылдық жиналысының Ұлы Жібек жолында маңызды орны иелегені, тарихтан Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстырған орын болғандықтан Самарқантта өткізілуі рәміздік тұрғдан маңызы зор екенін айтты.

    Министр «2030- жыға келіп экономиканың 85 пайызы жеке сектордың құрылуына қол жеткізу, энергияның 40 пайызын қайта тіктелетін көздерден өндіруді қамтамасыз ету және орташа табысы жоғары ел мәртебесін алу сияқты «Стратегия-2030» мақсаттарын атап өтті. Еңбек өнімділігін екі есеге арттыру және экспорт көлемін 45 миллиард долларға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Лазиз Кудратов жиынға қатысушыларға Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық және инвестициялық реформаларды тұрақты қолдағаны үшін алғыс айтып, министрліктің өзара даму мен өркендеу жолындағы бірлескен бастамаларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін атты.

    «Өзбекстан өзгеруде және сіз бұл жолда біздің серіктестерімізсіз. Сіздің қолдауыңыз, кеңесіңіз және инвестицияңыз бізге алдағы онжылдықта үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бүгін Самарқандта бас қосып отырғанымыз бекер емес. Біз осынау алып шаһардың ғасырлар бойы қалыптастырған сауда, халықаралық байланыс және инновация дәстүрлерін жалғастырудамыз», - деді Лазиз Қудратов.

    Сондай-ақ сессияда Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінің басшысы Жин Лукун, Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директоры және бас әкімшілік директоры Венкай Чжан, ірі халықаралық инвесторлар мен сарапшылар сөз сөйледі.

    Жиналыстың «Ресурстарды жұмылдыру жөніндегі халықаралық форум» деп аталған екінші бөлімі халықаралық донорлар және инвестициялық қорлармен ынтымақтастықтың басым бағыттарының іс жүзіндік жақтарын талқылауға арналды. Халықаралық сарапшылар, беделді халықаралық банк және қорлармен еліміздің серіктестерінің Өзбекстанда инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың және жобаларды жүзеге асырудың ең болашағы зор бағыттары бойынша ой-пікірлері тыңдалды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates