«Voyage Prive Group» – 2006 жылы негізі қаланған Еуропаның ең жетекші люкс туристік бренді. Бұл компания онлайн ретінде әлемнің жетекші туроператорларымен өзара келісімге келіп, Еуропа базарында Франция, Испания, Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Швейцария, Голландия, Германия және басқа елдермен жұмыс істейді. «Voyage Prive Group» 52 миллион жуық еуропалық мүшесі бар, сонымен қатар 1,2 миллион жуық тұрақты саяхатшылары бар.
Кездесу аясында Өзбекстанды Еуропа елдерінде танытуды арттыру мақсатында маркетинг және PR кампаниясын құру, сондай-ақ, «road-show» және B2B кездесулерін, көрмелерді, еліміздің туристік әлеуетінің тұсаукесерлері,жетекші медиа-брендтермен ынтымақтастық жасау және Еуропа елдерінің жетекші БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін Өзбекстанға проесс-турлар ұйымдастыру арқылы әлеуметтік желілерде Өзбекстан имиджін алға тарту сияқты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар көлік мүмкіндіктерін дамыту, Еуропа елдерінен Өзбекстанның туристік қалаларына ұшу үшін Еуропа авиатасымалдаушыларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілді.
Кездесу соңында, тараптар өзара жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға, атап айтқанда, еуропалық туристердің назарын одан әрі арттыру мақсатында PR-кампанияларын құру және туристер ағынын Өзбекстанға бағыттау бойынша келісілді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.