Электр қуатымен қамтамасыз етіле басталғаннан кейін, жалпы 62 табиғи газ қазып алу кен орны, соның ішінде Мубарек мұнай және газ өндіру басқармасының ірі кен орындары, атап айтқанда, «Зеварда», «Алан» және «Помук», жалпы 27 табиғи газ қазып алу кендеріндегі барлық ұңғыма және бірқатар сығу компрессорлық станциялары толық жұмыс режимінде жұмыс істей бастады.

Сондай-ақ, «Шортан»  мұнай және газ өндіру басқармасындағы 11 табиғи газ кен орны мен технологиялық құрылғылардың жұмысы қалпына келтірілуде.

Газли, мұнай және газ өндіру басқармасында барлық 23 табиғи газ кен орындары, құрылғылар мен  сығу компрессорлық станциялары жұмыс істеуде.

Бұдан тыс, «Узбекнефтгаз» АҚ мамандары Мубарек мұнай-газ өндіру басқармасының «Оңтүстік Ортабұлақ», «Сомонтепа» кен орындарындағы ұңғымалар мен сығу компрессорлық станциялары, Шортан мұнай-газ өндіру басқармасының Газдан пропан-бутан алу құрылғылары, 1- және 2- санды сығу компрессор станциялары, газ өнімін магистралдық газ құбырларына жеткізіп беру сығу компрессор станциялары және «Солтүстік Нишан» сығу компрессорлық станциясының қалыпты жұмыс істеу режимін тіктеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Шортан газ-химия кешені», «Бұхара мұнай өңдеу зауыты», «Мубарек газды қайта өңдеу зауыты» іске қосылып, олардың да толыққанды жұмысын қамтамасыз ету шаралары қарастырылуда.

Сонымен қатар,  сұйытылған газ, жанармай мен дизель жанылғысын республиканың барлық түрдегі тұтынушылары, соның ішінде тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға тұрақты жеткізіп беру істері толық бақылауға алынған және үздіксіз қамтамасыз етілуде.

Айта кету керек, «Узтрансгаз» АҚ магистральдық газ құбырларына табиғи газ жеткізіп беру басқышпа-басқыш қалпына келтірілуде. Әрбір жағдайды «Узбекнетегаз» АҚ-ның  уақытша құрылған  Штаб мүшелері мен Орталық өндірістік диспетчерлік департаментінің мамандары мониторинг жасап отыр, бұл жағдай туралы қосымша ресми ақпарат беріледі, деп хабарлайды «Узбекнефтегаз» АҚ -ның баспасөз қызметі.