Өзбекстандағы мақта шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған реформалар АҚШ БАҚ-ының назарында

    Американың «Sourcing Journal» (Нью-Йорк) тоқымашылық өнеркәсібінің ақпараттық порталында «Better Cotton Өзбекстанда өз қатысуын кеңейтуде» деген мақала жарияланды.

    Онда Өзбекстандағы балалар еңбегін пайдаланбау саласындағы қол жеткен табыстар егжей-тегжейлі баяндалған. Атап өткендей, өткен жылдың март айында Халықаралық еңбек ұйымы өзбек мақтасын мәжбүрлі және балалар еңбегінен «азат» деп жариялаған еді. Сол айда “Cotton Campaign” жаһандық коалициясы өз бойкотынан бас тартты.

    Басылымда адам құқықтарын қорғау ұйымдарының қорытындысына сүйеніп, 11 жылдық үздіксіз мониторинг барысында бірінші рет тәуелсіз бақылаушылар соңғы мақта жиын-терімінде мәжбүрлі еңбекті пайдаланудан бірер-бір дәлел таба алмағаны айтылған.

    Бұған тыс, сентябрь айында АҚШ-тың Еңбек департаменті Өзбекстандағы «елеулі өркениетті» мойындай отырып, өзбек мақтасын балалар еңбегін немесе мәжбүрлі еңбекті пайдалану арқылы өндірілетін өнімдердің жылдық тізімінен шыққанын мәлімдеген, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Енді «Better Cotton» осы табысты нығайту ниетінде. Мақалада «Өзбек мақташыларын халықаралық базарлармен байланыстыратын коммерциялық жеңілдіктер жаңа жекешелендірілген секторды халықаралық мақсаттарға қол жеткізе отырып, өз бағытын сақтауға ұмтылуы мүмкін», - деп айтылған.

    2017 жылдан бастап «Better Cotton» Өзбекстанда «жақсы мақта қағидалары мен өлшемдерін» енгізу бойынша тәжірибе бағдарламасын жүзеге асырды. «Бастама тәжірибелік жобалар үшін берік негіз қалыптастырады. Осы жоба аясында іріктеліп алынған 12 ірі фермер шаруашылық «айтарлықтай» дайындықтан өтіп үлгерді», - деп жазады «Better Cotton» ақпараттық порталы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates