Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Цифрландырудан кейін ағаштардың сұрыпы, жай-күйі, жасы және басқа да ерекшеліктеріне қарай дендролог мамандар тарапынан тексерілетіні айтылды.
«Ағаштар реестрі» жобасын «Замин» халықаралық қоғамдық қоры Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі және Ташкент қаласы әкімшілігімен бірлесіп жүзеге асыруда.
Мақсат – елордадағы ағаштарды тіркеуден өткізу және олардың электрондық мәліметтер базасын жасау.
Жасыл аумақтардың цифрлық картасы қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту және Ташкенттің табиғатын сақтап қалуға көмектесетін қала құру құрылысына, жасыл желектерді отырғызуға және күтуге, жасыл аумақтарды қорғау мен қалпына келтіруге қоғамдық бақылауын жүзеге асыруда нәтижелі құралға айналуы қажет.