Жалпы құны 200 миллион долларды құрайтын бұл жоба бес жыл бұрын басталған. Үлкен кешенде ашық және жабық нысандар бар.
Бірінші кезеңде Еуропа елдері мен АҚШ-тан 4 мың бас «Ангус» және «Герефорд» тұқымды ірі қара, Австралиядан 2 мың бас «Дорпер» қойы әкелінген.
Мұндай кешендердің Өзбекстанда азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері – ет пен сүттің молдығы мен арзандығында маңызы зор. «Jizzakh Organis» кластерінің он мың ірі қара мен төрт мың қой өсіруге мүмкіндігі бар. Жылына бес мың тоннаға дейін ет өндіріледі. Мұнда 750 адам тұрақты жұмыс істейді.
Кәсіпорындағы барлық жұмыс процестері цифрландырылған. 1300 гектар егістік алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл жұмыстар үшін Австралия, Германия және АҚШ-тан заманауи құрал-жабдықтар әкелінген. Жалпы кластерде құны он миллион доллар болатын 200-ге жуық техника бар. Тағы бір маңызды жайт, селекциялық-генетикалық жұмыстарға да мүмкіндіктер бар.
Азық-түлік өсіруге 12 мың гектар жер бөлінген. Кейінгі онжылдықтар бойы пайдаланылмай жатқан жерлердің өнімділігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін органикалық тыңайтқыштар және ауыспалы егіспен қамтамасыз етуге мән берілуде.
Мемлекет басшысына кластердің жаңа жобалары мен жоспарлары туралы ақапарт берілді.
Жоғарыда айтылғандай, 28 миллион доллар инвестиция есебінен жылына 20 мың тонна сүт пен 5 мың тонна ет өңдеу жоспарланған. Тағы 2 мың гектарда жаңбырлы суару арқылы мал азығы өсіріледі.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды өсірудің өзекті маңызы бар. Дегенмен, халық өсіретін мал тұқымы 10 пайыздың төңірегінде. Сондықтан қолдан ұрықтандыруды кеңейтіп, жергілікті мал түрін жақсарту қажет.
Осыны ескере отырып, кластер тарапынан «Зомин», «Зарбдар» және «Янгиабад» елді мекендерінің 15 махалласында «Ангус» тұқымды ірі қара малын өсіру және сатып алу жүйесі жолға қойылады.
Банктер арқылы махаллаларға көрсетілетін қаржылық қызметтер пакетінде мал шаруашылығын да қамту, жем-шөпті көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Осымен Мемлекет басшысының Жызақ облысына жасаған сапары аяқталды.