Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылауға арналған жиын өткізді

    Билік 23 Yanvar 2023 4883

    23 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев мақта өсіруді қолдауға арналған жиын өткізді.

    Бүгінгі күнге дейін мақта-тоқыма кластерлері салаға 5 миллиард 300 миллион доллар инвестиция құйып, оларға 3 миллиард доллар жеңілдетілген несиелер бөлінді. Кластерлер арқылы құны 4 миллиард доллар болатын 265 жоба іске қосылып, 300 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Соның нәтижесінде мақта өнімділігі 30 пайызға өсіп, 26 центнерден 34 центнерге жетті.

    Бірақ кластер мен фермерлерді мазалайтын мәселелер де бар. Атап айтқанда, қосылған құн салығын уақтылы төлемегендіктен, фермер қожалықтарының пенялық қарызы пайда болған.

    7 мың фермер мақта алқаптарын насос арқылы суаруға мәжбүр. Фьючерстік келісім-шарттарды жасаудың соңғы мерзімі нақтыланбаған, келісім-шарттарды тіркеудің ашық жүйесі жоқ.

    Жиында саладағы осындай мәселелер талқыланып, қажетті шаралар белгіленді.

    Атап айтқанда, мақта алқаптарын сорғылармен суаруға жұмсалған электр энергиясы құнының 50 пайызы өтелетіні айтылды.

    Өткен жылы ішкі нарықта минералды тыңайтқыштың бағасы орташа 50 пайызға өсіп, тапшылық туғызған еді. Сондықтан минералды тыңайтқыштарға қатысты кедендік жеңілдіктерді тағы 3 жылға ұзарту ұсынылды.

    Жауапты азаматтарға кластер мен шаруалар арасындағы келісім-шарттарды реттеу, есеп айырысу, мақта мен астық өсіруді үйлестіру жөнінде тапсырмалар берілді. Фермер қожалықтарына қосылған құн салығын уақтылы төлемегені үшін өндіріп алынған өсімпұлдар ерекшелік ретінде есептен шығарылатын болды.

    Фьючерстік келісім-шарттарды салық органдарының электрондық ақпараттық жүйесінде тіркеу және оларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроплатформа» ақпараттық жүйесіне интеграциялау міндеті қойылды. Сондай-ақ, қазір Нью-Йорк қор биржасының орташа айлық фьючерстік баға белгілеулерінің талдауы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланып тұрады.

    Мақта өсіру бағытында ғылыми институттарды жандандырып, шет елдерде қолданылатын құнарлы, суды қажет етпейтін сорттарды жерсіндендіру қажет екені баса айтылды.

    Жиында жалпы ауыл шаруашылығындағы осы жылы орындалатын міндеттері талқыланды.

    Атап айтқанда, 400 миллион долларды құрайтын 600 жоба іске қосылатыны, қосымша 185 мың тонна сақтау және қайта өңдеу қуаты және 33 ауданда ауыл шаруашылығына қызмет көрсету орталықтары құрылатыны айтылды.

    Жібек өнеркәсібінде 3 триллион сумнан астам өнім өндіріліп, 110 миллион долларға жуық экспортталуда. Бірақ бұл желідегі әлеует одан да жоғары. Сондықтан Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетіне биылғы жылы 26 мың тонна піллә, 1,3 миллион дана қаракөл терісін, 40 мың тонна жүн өндіру міндеті жүктелді.

    300 мың гектар жерге су үнемдейтін технологияларды орнату, 200 мың гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 100 мың гектар егістік алқабын үлестіріп, 2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамту да маңызды міндеттің бірі. Бұл азық-түліктің негізгі түрлерінің болуы және нарықтардағы бағаның тұрақтылығы үшін де маңызды.

    Сондай-ақ, Өзбекстанда тамақ өнеркәсібінің жоғары және орта буын мамандарына қажеттілік өте жоғары. Сондықтан шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, осы салада жаңа институт құру туралы ұсыныс мақұлданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates