Президент ауыл шаруашылығындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді

    Билік 27 Aprel 2022 4843

    2022 жыл 27 сәуір күні Президент Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығындағы жобаларды жүзеге асыру және білім сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Ауыл шаруашылығы – халықтың несібесі, жұмысы және табыс көзі. Соңғы бес жылда бұл секторға 2,5 миллиард доллар шетелден несие тартылды. Осы уақытқа дейін 1,7 миллиард доллар игеріліп, 4 мыңға жуық жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, заманауи жылыжайлар, интенсивті бақшалар, көшетшілік қожалығы мен тоңазытқыш қоймалар құрылды.

    Бүгінгі жиында халықаралық қаржы институттарынан тартылған қаражатты тиімді пайдалану, жобаларды жеделдету шаралары талқыланды.

    Қазіргі таңда 400 миллион долларды құрайтын 580 жаңа жоба қалыптасты. Бірақ қысқа мерзімді несие немесе мамандардың жетіспеушілігінен оларды жүзеге асыру кешігуде.

    Сондықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жобаларды іске қосып, жалға беру негізінде сату міндеті жүктелді.

    Атап айтқанда, осы жылы 6 облыста 2 мың гектарға жуық интенсивті бау-бақша мен жүзім алқаптарын салу, жалпы сыйымдылығы 115 мың тонна болатын 17 шағын агрологистикалық орталықты іске қосу жоспарлануда. Олар дайын күйінде, кәсіпкерлерге арендалық негізде сатылады.

    Мемлекет басшысы саладағы қызметтерді дамыту, егін шаруашылығын есепке алу және су тұтынуды онлайн бақылау бойынша тапсырмалар берді.

    Биыл Әндіжан, Наманган, Ферғана, Жызақ, Самарқанд және Хорезм облыстарында 100-ден астам қызмет көрсететін агросервис орталықтары құрылады. Бұл орталықтарға заманауи зертханалар салынып, шетелдік мамандар тартылады. Жобаны басқару, жер мен егін есебі, суару және өнімділік электронды түрде бақыланады.

    Ауыл шаруашылығы министрлігіне әр өңірде жеке «жол карталарын» әзірлеп, олардың орындалуын сол жерде ұйымдастыру тапсырылды.

    Жиында ауыл шаруашылығы саласындағы білім сапасын арттыру мәселесі де сөз болды.

    2022-2023 оқу жылынан бастап Халықаралық ауыл шаруашылығы университеті өз жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Президент шетелдік оқытушыларды тартып, жергілікті оқытушылардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтты.

    Ташкент мемлекеттік аграрлық университетіне 17 миллион доллар несие мен грант тартылған. Осының арқасында университет зертханасы 129 түрлі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бау-бақша, көкөніс өсіру, мал шаруашылығы, механикаландыру, тамақ өнеркәсібі сынды 20 бағыт бойынша жаңа тәжірибе алаңдары құрылып, шетелдік мамандар шақыртылады.

    Мемлекет басшысы сала үшін орта буын мамандарын даярлаудың маңыздылығына да тоқталды. Ол үшін жоғары білім беретін колледждер мен техникумдардың өзара байланысын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан тиісті министрліктерге сала кәсіпорындарының талаптарына сәйкес орта арнаулы оқу бағдарламалары, оқулықтар мен тағылымдамалар жүйесін қайта қарау тапсырылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates