баннер
14 Mar 2025
03:48

    Қыстың суық температурасы кейбір науқастарда аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін

    Суыққа болған аллергия әйелдер мен балаларда жиі кездеседі.

    Қыстың суық күндері кейбір адамдарда аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

    Бұл патология туралы Республикалық мамандандырылған аллергология және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық медицина орталығының директоры Ильмира Разикова ақпарат берді.

    — Суыққа аллергия әйелдер мен балаларда жиі кездеседі», — дейді маман. – Ол бірінші кезекте, иммунитеттің әлсіреуінен туындайды. Аллергияның бұл түріне бейім адамдар суық тиюмен бетпе-бет келгенде, дене бірегей патологиялық ақуызды - криоглобулинді істеп шығара бастайды.

    Бұл зат иммундық жасушалары тарапынан бөтен элемент ретінде қабылданады және шабуылға ұшырайды. Бұл үдерісте белсенді түрде шығарылатын гистамин заты аллергиялық реакцияны тудырады.

    Ауру түрлі көрініс пен формаларда көрінеді. Есекжем, ринит, конъюнктивит, дерматит, астма осылар қатарында. Кейбір науқастарда тіпті Квинке ісігі да пайда болуы мүмкін. Олардың ішінде ең көп таралғаны - есекжем болып, денеде көпіршіктердің пайда болуымен өтеді.

    Суыққа аллергия белгілері экстремалды температура әсерінен 3-5 минуттан кейін пайда болады және симптомдар 1-2 сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

    Аурудың өткір және созылмалы түрінде қолда, бетте, аяқтарда қатты қышиды, содан кейін теріде қызыл дақтар мен көпіршіктер пайда болады.

    Кейде қалтырау, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі және буындардағы ауырсыну байқалады. Ауа жетпеу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы пайда болуы мүмкін.

    Өткір респираторлық вирустық аурумен ауырған, аллергияға генетикалық бейімділікпен, асқазан-ішек жолдары мен бауыр ауруларымен ауыратын науқастарда суық температура әсеріне сезімталдық пайда болады.

    Қазіргі таңда бұл аурумен ауырған науқастар ең озық диагностикалық құралдардың көмегімен анықталып, біздің Республикалық мамандандырылған аллергология және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық орталығында заманауи емдеу әдістерімен емделуде.

    Мы в Телеграм
    Text to speech