Баспасөз конференциясында Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Құрылыс министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі, басқа да министрліктер мен мекемелердің өкілдері, баспасөз өкілдері мен бастамашыл азаматтар қатысты.
Конференцияда атап өтілгендей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар жасау мүмкіндігін тудыратын факторларды жою мақсатында Әділет министрлігі тарапынан құрылыс, денсаулық сақтау, жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы заңдылық құжаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізілгенін мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда аталған салаларды реттейтін 226 заңдылық құжаттарының 75-інде (33%) 302 сыбайлас жемқорлықтың факторлары бар екені анықталды.
Аталмыш Президент қаулысы қолданыстағы заңдылық құжаттарында анықталған сыбайлас жемқорлық факторларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүйесін жетілдіру және алдағы 5 жылда барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сапаптамадан өткізуді ұйымдастыру мақсатында қабылданғаны айтылды.
Жаңа қаулыға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама саласында төмендегі жаңалықтар енгізілді:
- барлық нормативтік-құқықтық құжаттар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылық» қағидасы негізінде дайындалды;
- 2022-2026 жылдар аралығында 21 мыңнан астам қолданыстағы заңдылық құжаттары толық сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді;
- құрылыс, денсаулық сақтау, жоғары білім және мемлекеттік сатып алу салаларына қатысты қолданыстағы заңдылық құжаттарында анықталған 302 сыбайлас жемқорлық факторлары жойылады;
- ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдеріне және жеке тұлғаларға, яғни тәуелсіз сарапшыларға заңды құжаттар мен олардың жобаларына ғылыми және тәуелсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу құқығы берілді;
- әр жылы мемлекеттік органдары мен ұйымдардың нормативтік-құқықтық құжаттары және олардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі қызметі бағаланады;
- Әділет министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді және әдістемелік көмек пен оқуларды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Бұдан тыс, азаматтардан нормативтік-құқықтық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықты тудыратын мүмкіндіктерді жасайтын, жемқорлыққа себеп болатын факторлардың бар-жоғы туралы ұсыныстарды тікелей қабылдауға арналған adliya_korrupsiyasizqonun_bot телеграм боты іске қосылғаны атап өтілді. Аталмыш телеграм боты арқылы тұрғындар қолданыстағы заңдылық құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға мүмкіндік беретін нормалар, бюрократиялық тосқауылдар мен негізсіз шығындарға әкеп соқтыратын нормалар мен оларды жою бойынша ұсыныстарын Әділет министрлігіне жіберу мүмкіндігіне ие болады.
Баспасөз конференциясында БАҚ өкілдері мен азаматтарды қызықтырған сұрақтарға тиісті министрліктер мен мекемелердің қызметкерлері толық жауап берді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.