Ташкенттегі кездесу ТМД елдерінің құқықтық жүйесін жетілдіруге қызмет етеді

    Ташкент 17 октябрь күні заңды дипломатияның орталығына айналды. Өзбекстан астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 18-мәжілісі өтті.

    Оған Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Әділет министрлері мен Қырғызстан Әділет министрінің орынбасары қатысты.

    Атап өткендей, жаһандану және мемлекетаралық қатынастардың нығаюы жағдайында ТМД елдерінің құқықтық салада белсенді диалог пен ынтымақтастықты талап ететін жаңа проблемаларға кез болуда. Әділет министрлері кеңесі қатысушы елдердің қызметін үйлестіруде, құқықтық базаны нығайтуда және заңнаманы дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл азаматтардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғау, заң қызметтері сапасын арттыру мен халықаралық міндеттерді орындауға қызмет етеді.

    Аймақтық және жаһандық проблемалар шиеленісіп тұрған шақта Өзбекстан астанасында өткен бұл жиын тек өзекті мәселелерді талқылайтын алаң ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің құқықтық жүйесін айтарлықтай өзгерте алатын стратегиялық шешімдерді әзірлейтін алаңға айналды.

    Ташкенттегі мәжіліс біріккен бастамаларды талқылауға, ұлттық деңгейде қабылданған табысты тәжірибелер мен құқықтық қаулылармен бөлісу мүмкіндігін берді. Қатысушылар Достастық алаңында құқықтық ағарту, сонымен қатар жастарға құқықтық тәрбие беру, жергілікті мемлекеттік әкімшілік органдардың заң қызметтерінің сапасын арттыру сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

    Бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды. Атап айтсақ, Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Әдiлет министрлері кеңесiндегi төрағалығы қорытындылары бойынша есеп берілді, бұрын қабылданған қаулылардың орындалу барысы қаралды.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Өзбекстан Республикасының ТМД-ға мүше мемлекеттердің әділет министрліктері арасында ақпарат алмасудың электрондық жүйесін құру концепциясын әзірлеу жөніндегі бастамасын талқылау болды.

    Бірыңғай электронды жүйені құру сұранысының тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға, құжаттарды қайта өңдеуге, орындау мен сақтауда бақылауды күшейтуге, құжаттардың жоғалу жағдайларын жоюға бағытталған. Бұл шашыраңқы құжаттар ағынын бір жүйеге біріктіруге, құжатты жарату міндетінен бастап оны мұрағатқа тапсыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге дейінгі құжат айналымының барлық үдерісін қамтуға, сайып келгенде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Әділет министрлері кеңесінің 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары, 19-жиналыстың күн тәртібінің жобасы бекітілді. Атап айтқанда, 2025 жылы Кеңестің жұмыс топтары мен органдарының отырыстарымен қатар «Tashkent Law Spring» IV Халықаралық заң форумын өткізу, нотариус өкілдерінің тағылымдамаларын, ТМД-ға мүше елдердің стажерлары мен жас адвокаттары үшін вебинарлар сериясын ұйымдастыру жоспарланған.

    Сарапшылардың пікірінше, Ташкент мәжілісінің нәтижелері ТМД-ның құқықтық жүйелеріндегі кейінгі өзгерістеріне түрткі болуы мүмкін. Қабылданған қаулылар мемлекеттер ішінде де, халықаралық алаңда да заңнаманың, құқығын қолдау тәжірибесінің және институционалдық ынтымақтастықтың дамуына әсер етеді.

    Естеріңізге сала кетейік, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесі 2005 жылғы 26 августағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесі туралы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің қаулысымен құрылған болатын. Оған бес мемлекет – Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды.

    Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі 2019 жылдың 19 ноябрінде Кеңестің мүшесі болды, ал 2024 жылдың 1 январынан бастап Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Акбар Тошқулов ТМД қатысушысы мемлекеттердің министрлері кеңесінің төрағалық жасап келеді.

    Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates