Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Кувейт баспасөзінің назарында

    Кувейттің «Ал-Анба» газетінде Өзбекстан Президенті Әкімшілігі құзырындағы Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының сарапшысы Виктор Абатуровтың Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған салмақты талдау мақаласы жарияланды.

    Материалда соңғы жылдары Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы аясындағы алдағы өзгерістердің болашағы егжей-тегжейлі талдау жасалған.

    Мақала авторы «экономика салаларын трансформациялауға, кәсіпкерлікті жедел дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға қаратылған реформалардың үстем бағыттарын айқындау мақсатында Президенттің 2022 жылғы 28 январьдағы жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясын бекіткеніне» оқырмандардың назарын аударады.

    Осы тарихи құжатта еліміздің болашақтағы дамуының жеті үстем бағыты мен елеулі нәтижелерге қол жеткізудің жүз маңызды мақсаты қамтылған.

    Жарлықта атап өтілгендей, Даму стратегиясында айқындалған аумақтарды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі міндеттер аясында аумақтармен жұмыс істеудің жаңа тәртібі белгіленген. Соған сәйкес Қарақалпақстанды және Аралбойы өңірін дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар, соның ішінде экотуризмді дамыту, жергілікті және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, Арал теңізінің құрыған түбінде жасыл желектерді құру сияқты бірқатар шаралар жоспарланған.

    Бір жағынан Қарақалпақстан орасан зор даму әлеуетке – ірі табиғи, минералды шикізат және ауылшаруашылық ресурстары, еңбек әлеуеті, жол, көлік және инженерлік коммуникациялар желілері, өндірістік инфрақұрылым, қолайлы географиялық орналасуы және кең аумаққа ие.

    Бірақ, екінші жағынан, Қарақалпақстан Арал теңізінің тартылуымен байланысты күрделі экологиялық жағдайда. Жаһандық деңгейде климаттың өзгеруі бұл аймақ үшін көптеген келеңсіз мәселелер туғызуда. ЮНЕП құрғақшылық индексі бойынша Арал аймағының басым бөлігі құрғақ аймақ саналады, Өзбекстан аумақтары жерінің көп бөлігі құрғақ және шөлейттенуге бейім деп саналады. Бұл адамдардың денсаулығына, олардың табысы мен өмір сүру деңгейіне өте жағымсыз әсер етеді. Демек, Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мемлекетіміз басшысының басты назарында тұр.

    Мақаланың соңында соңғы жылдары Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аударылуының нәтижесінде оң өзгерістер көрсетіліп жатқаны айтылған, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates