Бұл халықаралық экомарафонда үй лагерінде орналасу, музыкалық бағдарлама, этно-шоу, «Барсакелмеске» саяхат, 42 км қашықтыққа марафон, 21 км қашықтыққа жартылай марафон, 5 және 10 км қашықтыққа жүгіру марафоны өткізіледі.
Қытай, Ұлыбритания, Жапония, Ресей сияқты елдерге артемия өнімдерін экспорттайтын «Vishe Krishi Tashkent» жауапкершілігі шектеулі қоғам түріндегі біріккен кәсіпорын кеңейтіріліп, құны 8 миллиард 500 миллион сумдық жоба іске түсті.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 15 қыркүйекте Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті жиынына қатысты.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 14 қыркүйек күні осы елге жұмыс сапарымен барады.
Үстіміздегі жылы 6 июньде Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында «Теңдік, сан алуандылық және инклюзиялық: су бізді бірлестіреді» атты тақырыпта Халықаралық әйелдер су форумы өтті.
Үстіміздегі жылдың 30 майында Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоевтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Лианне Куппенспен кездесті.
Кувейттің «Ал-Анба» газетінде Өзбекстан Президенті Әкімшілігі құзырындағы Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының сарапшысы Виктор Абатуровтың Қарақалпақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған салмақты талдау мақаласы жарияланды.
Өзбекстанның Пекиндегі елшілігі Аралбойы өңіріндегі топырақтың тұздануына қарсы күресуде Қытайдың озық ғылыми-технологиялық шешімдерін тарту мәселесіне арналған дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.
2022 жылғы 6-8 май күндері Мойнақтағы кемелер қорымында «Stixiya» электронды музыкалық, өнер және ғылым фестивалі өтеді. Жоба 2017 жылы Мойнақ қаласында Арал теңізінің экологиялық апатынан халықты хабардар ету және аумақтың тұрақты дамуына көмектесу, сондай-ақ Өзбекстанда жасайтын халықтарды бүкіл әлемге таныту мақсатында жасалған.
2022 жылдың 24 февралінде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI) бас директорының орынбасары Хелена Маклеодты қабылдады.