Үш күндік оқу бағдарламасына орай өткізілетін тренингтердің мақсаты — Олий Мажлистің Заң шығару палатасы депутаттары және жергілікті кеңестерге болып өтетін сайлау ұйымдастырушыларының, соның ішінде, аудандық, қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нығайтуға арналған республикалық тренерлерді дайындау.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, хатшылық қызметкерлері және Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессорлары өткізген жаттығуларға республиканың жетекші жоғары оқу орындарының жалпы 104 профессор-оқытушысынан құралған республика тренерлері қатысты.
Оқытулар, аралас сайлау жүйесі және оның ерекшеліктері, өткен сайлаулардағы кемшіліктер және олардың алдын алу жөніндегі міндеттер, сайлау комиссияларының жүйесі мен қызметінің негізгі аспектілері, сайлауда сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу, учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды жабдықтау; мерзімінен бұрын дауыс беру, сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін шығару сияқты тақырыптарды қамти отырып ұйымдастырылды.
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі және Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы мамандарымен бірлесіп әзірленген, учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды жабдықтау, мерзімінен бұрын дауыс беруді ұйымдастыру, сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін шығару сынды төрт тақырыптағы бейнероликтер аудиторияға өтілген тақырыптарды меңгеруге септігін тигізді.
Оқу жаттығуларының үшінші күні тәжірибелік сабақтарға арналды. Топқа бөлінген тыңдаушылар үлгілі түрде жабдықталған сайлау учаскесінде тікелей дауыс беруді ұйымдастыру, өткізу және дауысты санау процестерін іс жүзінде орындады.
Бұл ретте тыңдаушыларға учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті және халықаралық бақылаушы, сайлаушы, БАҚ өкілі сияқты рөлдер берілді.
Осы арқылы тыңдаушылардың теориялық білімдерін практикалық сабақтарда бекіту, дәріс, тапсырма сұрақтары, тест, презентация, инфографика, бейнесабақтар түрінде оқу жоспарына сәйкес оқыту курстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізу мақсатында жоғары білікті мамандар – әдістемелік материалдар дайындады. Оқу-тәжірибелік жаттығудың барлық кезеңі осы оқу-әдістемелік материалдарды пайдалана отырып, интерактивті түрде өткізілді.
Тренинг соңында тыңдаушылардың білімі мен дағдылары тест арқылы тексерілді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.