Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд саммиті: өзара тәуелді әлемдегі диалог және ынтымақтастық

    Билік 12 Sentabr 2022 6438

    Өзбекстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы жаһандық ауқымда қарқынды үдерістер жүріп жатқан бірегей «тарихи даму» кезеңіне сәйкес келді - бір тарихи кезең аяқталып, болжау қиын жаңа кезең басталады.

    Халықаралық ынтымақтастықтың жалпыға ортақ қағидалар мен нормаларға негізделген жүйесі сыр беріп жатқаны бүгінде белгілі. Оның басты себептерінің бірі – әлемдік деңгейде елдер арасындағы өзара сенімнің терең төмендеуі. Бұл өз кезегінде геосаяси текетірестерге дем беріп, «блоктарға жататын» стереотиптерінің қайта туылу қаупін тудыруда. Мемлекеттер арасындағы мұндай өзара сенімсіздік процесі әлемдік экономиканың бұрынғы даму жолына қайта оралуын және жаһандық жеткізу тізбегінің қалпына келуін қиындатып барады.

    Әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар сауда мен инвестиция ағынын бұзып, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін ушықтыруда.

    Сонымен қатар, жаһандық климаттың өзгеруі, табиғи ресурстар мен су ресурстарының тапшылығының артуы, биоәртүрліліктің бұзылуы және қауіпті жұқпалы аурулардың таралуы қоғамымыздың осал тарапын айқын көрсетуде. Бұл мәселелер адамзат тағдырына тікелей қатысты болған ортақ құндылықтар мен игіліктердің бұзылуына, адамдардың өмірі мен қызметіне қауіп төндіріп, олардың табыс көздерін қысқартуда.

    Осы күрделі жағдайда бір ақиқат анық: ешбір ел бұл жаһандық қауіп-қатерлерден жалғыз құтыла алмайды немесе жеңуге қауқарсыз.

    Бүгінгі өзара байланысты әлемде қауіпті проблемалардан шығудың бірден-бір жолы – конструктивті диалог пен әр тараптың мүдделерін ескеру мен құрметтеуге негізделген көпжақты ынтымақтастық. Дағдарыс кезінінде үлкен, орта немесе кіші елдер өздерінің тар мүдделеріне басымдық бермей, жаһандық ынтымақтастыққа баса назар аударуы керек. Кез келген елдің бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне және тұрақты дамуына қауіп төндіретін қауіп-қатерлерге қарсы бірігіп, ортақ күш пен мүмкіндіктерді жұмылдыру баршамыздың мүддеміз.

    Бүгінгі біз өмір сүріп жатқан өзара байланысты әлемдегі проблемалардың қауіпті спиральынан шығудың бірден-бір жолы – конструктивті диалог пен әр тараптың мүдделерін ескеру мен құрметтеуге негізделген көпжақты ынтымақтастық. Дәл дағдарыс кезеңдерінде үлкен, орта немесе кіші елдер өздерінің тар мүдделеріне басымдық бермей, жаһандық ынтымақтастыққа баса назар аударуы керек. Кез келген елдің бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне және тұрақты дамуына қауіп төндіретін қауіп-қатерлерге қарсы бірігіп, ортақ күш пен мүмкіндіктерді жұмылдыру баршамыздың мүддеміз.

    Тиімді халықаралық ынтымақтастық әлемдегі тұрақты, сенімді және бейбіт дамудың маңызды факторы. Мұндай көзқарас қазіргі заманның өзекті мәселелерін бірлесіп шешудің, жаңа қауіптер мен әлеуметтік сілкіністерден қорғанудың ең нық, оңтайлы және тиімді жолы болып табылады.

    Табысты аймақтық ынтымақтастық үлгісі

    Баршаның және әрбір тараптың мүдделеріне жауап беретін халықаралық ынтымақтастықты көпжақты институттарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл институттардың қызметіндегі белгілі бір кемшіліктерге қарамастан, олар өңірлік және жаһандық деңгейде мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды құралы ретінде қызмет етуде. Халықаралық және аймақтық ұйымдар елдер арасындағы әртүрлі келіспеушіліктерді жеңуге, өзара түсіністікті нығайтуға, саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сауданы кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық алмасуды ынталандыруға көмектеседі.

    Көпжақты қызметке негізделген ең жас институттардың бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымы дәл осындай мақсаттар мен міндеттерді көздейді. Бұл ұйым әртүрлі мәдени-өркениеттік көзқарастағы елдерді, олардың сыртқы саяси бағыттары мен ұлттық даму үлгілерін біріктіре алатын бірегей мемлекетаралық құрылым. ШЫҰ қысқа мерзім ішінде ұзақ жолдан өтіп, жаһандық саяси және экономикалық жүйенің құрамдас бөлігіне айналды деп толық сеніммен айтуға болады.

    Бүгінде ШЫҰ қауымдастығы орасан зор географиялық аумақты қамтитын және Жер шары халқының жартысына жуығын біріктіретін әлемдегі ең ірі аймақтық ұйым болып табылады.

    ШЫҰ-ның халықаралық ұйым ретінде тартымдылығы оның қызметінің негізін құрайтын келесі принциптерден көрінеді: Шанхай ынтымақтастық ұйымының әртүрлі блоктардан азат мәртебесіне ие болуы, ашықтық, үшінші елдерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталмағаны, барлық қатысушы тараптардың теңдігі мен егемендігін құрметтеу, ішкі істерге араласпау, саяси текетірес пен тартысты қарсыластыққа жол бермеу.

    Шанхай ынтымақтастық ұйымының табысты тұжырымдамасы - аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетінде.

    Шын мәнінде ШЫҰ бейбітшілік, ынтымақтастық және даму жолында бірлесуі, бөліну элементтерінен ада, тартымды орынға айналуы тиіс.

    Осы себепті ШЫҰ-ға кіруге ниет білдірген елдердің саны жыл санап артып келеді. Бұл тенденция халықаралық және аймақтық қатынастар жүйесі қайта құру үдерісін бастан өткеріп жатқан бүгінгі жағдайда анық байқалады.

    ШЫҰ кеңістігіндегі елдердің жоғары адами, интеллектуалдық және технологиялық әлеуетке, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы мен әлі толық игерілмеген табиғи қорлары ұйымның экономикалық маңыздылығын одан әрі арттыруға қызмет етеді.

    Бүгінде ШЫҰ-ға мүше елдердің жалпы ішкі өнімі әлемдік индекстің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл құрылғанына 20 жыл толған өңірлік ұйымның әлемнің тұрақты дамуына қосар үлесі жоғары екенін көрсетеді.

    Жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер пайда болып жатқан қазіргі әлемде ШЫҰ-ның трансформациясы мен өсуі үшін мүше елдер санының ұлғаюы есебінен ғана емес, бәлкім ұйым дамуының жаңа стратегиялық бағыттарын ілгерілету арқылы тамаша перспективаларға ие. Мұнда көлік және байланыс, энергетика, азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік, инновациялар, цифрлық трансформация және жасыл экономика жайлы айтылуда.

    Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығы: бірлескен даму арқылы ортақ табыс жолында

    Өзбекстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етудің жауапты міндетін өзіне алғаннан кейін ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашу және әрбір қатысушы елдің пайдаланылмаған резервтерін пайдалану арқылы Ұйымның қарқынды даму стратегиясына назар аударды.

    Біздің басты ұранымыз – «Әрқайсымыз мықты болғанда ғана ШЫҰ күшті болады». Оны іс жүзінде жүзеге асыру жолында Ұйымды және де күшті және халықаралық серіктестеріміз үшін тартымды ету үшін көп әрекет еттік.

    Жыл бойы өткізілген сексеннен астам ірі іс-шара аясында ШЫҰ-ның жан-жақты күн тәртібі қалыптастырылды. Қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту, көліктік-экономикалық өзара тәуелділікті нығайту, Ұйымның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту, дамудың жаңа жолдары мен нүктелерін іздеу сияқты көптеген маңызды мәселелер қамтылды.

    Дамуының жаңа тарихи кезеңінде тұрған ШЫҰ үлкен перспективаға ие бұл бағыттар Өзбекстанның төрағалығы кезінде дайындалған отыздан астам тұжырымдамалық бағдарлама, келісім мен шешімдерде көрініс тапты.

    Айта кеткен жөн, еліміздің ШЫҰ-ға төрағалық етуі республикада соңғы алты жылда жүзеге асырылып жатқан белсенді және ашық сыртқы саясаттың мәнді жалғасы болды. Бұл саясат, ең алдымен, ШЫҰ-ның географиялық өзегі болып табылатын, бүгінде тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайту тұрғысында оң және артқа қайтпас үдерістер жүріп жатқан Орталық Азия аймағында жүзеге асырылуда.

    ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер – біздің ең жақын көршілеріміз, достарымыз және стратегиялық серіктестеріміз.

    Ұйымға төрағалық ету бізге олармен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта отырып, жан-жақты серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндіктер берді.

    ШЫҰ аясында қалыптасқан осындай оң және табысты тәжірибені Ауғанстанды дамытуда пайдалану өте маңызды және өзекті екеніне сенімдімін. Ауғанстан ШЫҰ кеңістігінің ажырамас бөлігі екені сөзсіз. Бүгінде ауған халқы көршілес, қайырымды елдердің қолдауына бұрынғыдан да зәру. Ауғанстанға бірлесе көмек қолын созу, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақтық және жаһандық даму үдерістеріне ықпалдасу, сол арқылы осы елдің ұзақ мерзімді дағдарыстан шығуына қолайлы жағдай туғызу – біздің адамгершілік борышымыз.

    Ғасырлар бойы Ауғанстан жаһандық деңгейдегі елдер мен аймақтық күш орталықтары арасындағы қақтығыстарда буфер рөлін атқарды, енді ол өзін Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын көпір ретінде жаңа бейбітшілік миссиясында көрсетуі керек.

    Осындай өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықтың үлгілі нышаны ретінде Трансауған дәлізінің құрылыс жобасын атауға болады. Сондай-ақ, «Термез – Мазари Шариф – Кабул – Пешавар» темір жолы секілді бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы біз әлеуметтік-экономикалық және көлік-коммуникациялық міндеттерді шешіп қана қоймай, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса аламыз.

    Өзара ұстанымдарымызды жақындастырып, бейбіт, тұрақты және дамыған Ауғанстан үшін ШЫҰ-ның жаңа күн тәртібін бірлесіп әзірлей алатынымызға сенімдімін. Сонда ғана біз тұтас қауіпсіздікпен тұрақты және дәйекті дамып келе жатқан ШЫҰ кеңістігін құра аламыз.

    «Самарқанд рухы» - ынтымақтастықтың, өзара түсіністік пен достықтың көрінісі

    Сауда-экономикалық және өндірістік қатынастардың елеулі бұзылуына әкелген үш жылдық «пандемиялық үзілістен» кейін ШЫҰ елдері мен халықтарымен тікелей байланыс қажет.

    Ұлы Жібек жолының жауһарына айналған көне Самарқанд қаласы әлемнің он төрт елінің басшыларын Ұйымның және оған мүше әрбір мемлекеттің гүлденуі мен дамуына қызмет ететін жаңа әрі озық ұсыныстары және бастамалармен қарсы алуға дайын.

    Осынау аңызға айналған бұл қала Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарихының жемісті жолындағы жаңа бетін ашатыны сөзсіз. Самарқандтың даңқты тарихи мұрасы осыған қызмет етеді. Бұл қала сан ғасырлар бойы Еуропадан Қытайға дейінгі елдерді берік қатынаспен байланыстырып, Солтүстік пен Оңтүстікті, Шығыс пен Батысты бір нүктеде тоғыстырған.

    Ежелден Самарқанд сан алуан идея мен білімнің «қайнар» көзі болып, осы мекенде адамзаттың бейбіт әрі бақытты өмір сүру, өз күші мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру сияқты ортақ мақсаттары айқындалған. Осынау құт-берекелі мекенде тұратын әрбір адам жақсы көрші – Алланың адамға берген бақытының бір бөлігі екенін, тату көршілік – сарқылмас береке екенін терең түсінген. Өйткені, ынтымақтастық, сауда-саттық, шығармашылық, ғылым мен өнер, адами идея басым болған жерде ізгілік артып, халықтар береке-бірлікте өмір сүреді.

    Бүгінгі таңда заманауи және қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымы бар Самарқандтың осындай бірегей аспектілері оны аймақтық және жаһандық тәуекелдерді бірлесіп талқылау және осыған байланысты қажетті шешімдерді табу үшін ең қолайлы және оңтайлы орынға айналдырылуда.

    Адамзаттың тұтастығы мен өзара тәуелділігі соншалық, қазіргі қауіп-қатерлердің көпшілігі аймақтық ғана емес, сонымен қатар жаһандық ауқымдағы ынтымақтастықты қажет етеді.

    Көп жылдық бірлескен жұмысымыздың тәжірибесіне сүйене отырып, ШЫҰ-ның Самарқанд саммиті ортақ қауіпсіздік және даму жолындағы өзара құрмет, сенім және сындарлы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген жаңа инклюзивті диалог орнатудың бірегей үлгісі бола алады деп сеніммен айтамыз.

    Самарқанд сыртқы саясаттағы басымдықтары әртүрлі елдерді біріктіруге және ымыраға келуге қабілетті осындай алаңға айнала алады.

    Тарихи қалыптасқан концепция бойынша Самарқандтан қарайтын болсақ, дүние бөлшектелген емес, біртұтас және бөлінбейтін болып көрінеді. «Самарқанд рухы» бірегей феноменінің мәні осында жинақталған және ол халықаралық ынтымақтастықтың, оның ішінде ШЫҰ аясындағы әріптестіктің принципті жаңа форматын қалыптастыруға берік негіз болуы мүмкін.

    Шын мәнінде, «Самарқан рухы» осыдан 20 жыл бұрын елдеріміздің талаптарына сәйкес жаңа ұйым құруға түрткі болған «Шанхай рухын» үйлесімді толықтырады.

    Осы себепті біз Самарқандта ШЫҰ өміріндегі жаңа кезеңнің – ұйымның құрамы кеңейіп, оның болашақ күн тәртібі қалыптасатынына куә болатынымызға сенімдіміз және мұның терең символдық мәні бар.

    Алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қабылданатын шешімдер өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де диалогты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.

    Шавкат Мирзияев,

    Өзбекстан Республикасының Президенті

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates