2022 жылғы 29 июньде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов бейнеконференцбайланыс түрінде ШЫҰ Хартиясы қабылдануының 20 жылдығына арналған және “Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімшартқа” қол қойылғанының 15 жылдығына байланысты “ШЫҰ: өткені, бүгіні, болашағы” тақырыбына ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.
2022 жылғы 16 май күні Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің уақытша міндетін атқарушы Владимир Норов іссапармен келген елімізге келген Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті.
Хиуа қаласында 11-12 май күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің транспорт министрлерінің тоғызыншы жиналысы өтті.
Үстіміздегі жылдың 11 майында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының белсенді қолдап-қуаттауымен өткізілген ШЫҰ халық дипломатиясының Ташкенттегі форумында мемлекет парламенті жоғары палатасының мүшелері өз баяндамаларымен қатысты. Төменде сенаторлардың форум барысында айтқан пікірлерімен таныса аласыздар.
2022 жылы 11-12 май күндері Ташкентте «Халық дипломатиясы – даму жолындағы өзара ынтымақтастық» ұранымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Халық дипломатиясының форумы өтеді.
Үстіміздегі жылдың 19-20 май күндері Ташкенттегі «Hilton Tashkent City» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің туризм саласының өкілдерімен кездесу өтеді.
2022 жылдың 7 апрелінде Өзбекстанның төрағалығымен «Шанхай ынтымақтастық ұйымның қызметін жарыту үдерісінде мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері ақпараттық қызметтерінің өзара ынтымақтастығы» тақырыбында кеңесулердің кезекті дөңгелек үстелі бейнеконференцбайланыс түрінде өтеді.
2022 жылғы 11 мартта Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасының өкілетті өкілдері кеңесулерінің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қою рәсімі өтті. Құжатта Иранның ШЫҰ-ға мүше болу жөніндегі міндеттемелері туралы Меморандум жобасы мақұлданды.
2021 жылдың 17 сентябріндегі Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық мәжіліс қорытындысында Президентіміз кездесу қатысушыларын 2022 жылдың сентябрь айында Өзбекстанда өтетін ШЫҰ-ның кезектегі саммитіне шақырған еді.
2021 жылғы 7 декабрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ АТҚҚ) Атқару комитетінің директоры лауазымындағы миссиясын аяқтап жатқан Жумахон Ғиясовты қабылдады.