ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрлердің 21-жиналысы өтті

    2022 жылғы 28 сентябрьде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Х.Ф.Тешабоев бастаған делегация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрлерінің 21-жиналысына қатысты.

    Тараптар ШЫҰ аясындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайын және оны одан әрі дамыту болашақтарын, сонымен қатар сауда, инвестициялық тәртіп-қағидаттарын ырықтандыру мен жеңілдету, көпжақты сауда жүйесі, өндіріс пен жеткізіп берудің үздіксіздігі, цифрлық экономика, аумақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық, тағы басқа да салалар бойынша пікір алысты.

    Өзбек тарапынан Өзбекстан Республикасы Президенті, тағы басқа мемлекеттер делегацияларының басшылары тарапынан ШЫҰ саммитінде айтқан бастамаларды жүзеге асыру механизмдерін жасау маңыздылығы айтылды. Бұл бастамалар Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

    Жиналыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрлердің Көпжақты сауда жүйесін қолдап-қуаттау туралы мәлімдемесі қабылданды. Бұл ретте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрліктер мен кеңселердің арасында жеткізу тізбегі саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.

    Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық қызметіне қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ ШЫҰ-ның сауда-экономикалық және экономикалық салалардағы ынтымақтастыққа қатысты тиісті құжаттарымен жұмысты жандандыруға ниетті екенін бірауыздан растады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates