Сырдарияда «POLY TEX SIRDARYO» мақта-тоқымашылық кластерінің «SAYXUN COLD OIL» компаниясы іске қосылды

    Ел назарында 15 Fevral 2022 4300

    Сырдария облысының Сайхунабад ауданындағы “POLY TEX SIRDARYO” кластерінің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ.

    Қысқа мерзімде, мақта-тоқымашылық кластері шитті жерге егуден бастап, өсірілген шикізатты өңдеу, дайын өнім алуға дейінгі үдерісті нәтижелі жүргізіп, жоғары тиімділікке қол жеткізді. Жұмыс, қызмет көрсету, өңдеу үдерістері жоспар негізінде жолға қойылды.

    Жақында, аталмыш мақта-тоқымашылыққа мамандандырылған кластер ұжымы тағы бір жаңалыққа бел буды. Олар өздері өндірген жартылай дайын шикізаттан май және май өнімдерін өндіру, май өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мақсатында «SAYXUN COLD OIL» кәсіпорнын салып, іске қосты. Өндіріс технологиясы Қытайдан және басқа да бірқатар елдерден әкелінді.

    —Кәсіпорынның құрылысы мен іске қосылу үдерісі бірден болған жоқ, – дейді «SAYXUN COLD OIL» жауапкершілігі шектеулі қоғамның бас экономисі Ермонқұл Хусанбоев. – Оны іске қосу үшін «POLY TEX SIRDARYO» мақта-тоқымашылық кластерінің құрылтайшылары 29 миллиард сум қаржы жұмсады. Мақтадан тазартылған техникалық шит қайта өңделіп, онда рафиналанған май өнімдерін шығара бастадық. Күнделікті өндіру қуаттылығы 85-90 тоннаны құрайтын, қайта өңделген шиттен 20 тонна рафиналанған май, күнжара, шулха өнімдерін өндіреміз. Шындығында, бұл үдерісті бастағанымызға көп болған жоқ. Дайындық және сынақ үдерістерін сәтті аяқтағаннан кейін келесі қадамдарды бастадық.

    Қазіргі таңда кәсіпорында өндіріліп жатқан, күндік май өнімдерінің 15 тоннасы Қытайдан әкелінген қадақтау қондырғысы арқылы 4,2 литрлік ыдыстарға құйылып жатыр. Қадақталған, тазартылған май өнімдері биржалық сауда арқылы тұтынушыларға жеткізілсе, жақын арада 1 және 3 литрлік ыдыстарға май құю үдерісінде шит құрамынан бөлініп алынған техникалық сопистоктан сабын өнімдерін шығару жолға қойылмақ.

    Жұмыстың бірқалыпты жүруі шикізатқа байланысты. Кәсіпорынға техникалық шит өнімдері «POLY TEX SIRDARYO» мақта-тоқымашылық кластерінен, сондай-ақ облыстың Сырдария және Гүлстан аудандарындағы мақта-тоқымашылық кластерлерінен жеткізіледі. Жақын арада көрші Қазақстаннан күнбағыс әкелінуі күтілуде. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін мың тоннадан астам күнбағыс жеткізіледі.

    Кәсіпорынның жұмысшылар саны 75 адам. Ол толық қуатпен жұмыс істей бастағанда олардың саны 100-ге жетеді. Жұмыс үш ауысымда жүргізіліп, олардың демалып, еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.

    Ғулом ПРИМОВ,

    журналист.