Кәсіпкерлер тарапынан орнатылған радарлар дұрыс жұмыс істеп жатыр ма?

    Көлік 24 Avgust 2023 3044

    Бүгінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан орнатылған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін камералардың кемшілігі және адал емес кәсіпкерлік қызметімен айналысады деген күдік жұртшылықты алаңдатады.

    Осыған байланысты біз Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметін жедел төмендегі шараларды көруге шақырамыз:

    Біріншіден, осы кәсіпкерлік қызметпен айналысқан барлық субъектілердің соңғы апталардағы тіркеулерін тексеріп, құқықтық бағалау шараларын көру;

    екіншіден, тексеру нәтижесінде ынсапсыз кәсіпкерлік әрекеттері арқылы өндірілген айыппұлдар анықталған жағдайда, оларды бекер ету және жүргізушілерге төлемдерді кәсіпкерлік есебінен қайтару;

    үшіншіден, кәсіпкерлік субъектілерінің бақылау-камералары арқылы тіркелген айыппұлдарды бақылау тәртібінде тұрақты тексеру тәжірибесін енгізу;

    төртіншіден, азаматтардың әділетсіз айыппұлдар туралы шағымдануындағы әуре-сарсаңынан қорғау мақсатында тіркеулерді онлайн режимде арыз беру мүмкіндігін жасау;

    бесіншіден, барлық локациялардағы радар орнатылғандығы туралы белгілердің жанында шектелген жылдамдықты көрсететін белгілерін орнатуды міндетті ету;

    Сондай-ақ, бұл жөніндегі қызмет туралы жұртшылыққа тұрақты түрде хабардар ету тәжірибесін жолға қою да орынды деп есептейміз.

    Бобур Бекмуродов,

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы.