Ташкент әуежайындағы екінші ұшу-қону жолағын реконструкциялау істері аяқталды

    12 апрельден бастап ұзындығы 3905 метр және ені 60 метр болған, барлық түрдегі ұшақтарды қабылдайтын ұшу-қону жолағы пайдалануға берілді.

    Жолақ PCN (pavement classification number) көрсеткіштері — жолақтардың төзімділік классификацияның нөмірі 69, тегістігі — 5, бұл 285 тоннаға дейінгі жүктерге төтеп беруге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ ұшу-қону жолағында ICAO-ның бірінші санатына сәйкес келетін заманалық энергия үнемдейтін жарықтандыру жабдықтары мен қону жүйесі орнатылған. Бұл көлденең көріну 800 метр және тіке көріну 60 м болғанда да ұшақтың қонуына мүмкіндік береді.

    «Бүгін біз жаңартылған екінші ұшу-қону жолағын ашып жатырмыз. Жолақ соңғы рет 1996 жылы қайта жаңартылғанын ескерсек, бұл Ташкент әуежайы үшін өте маңызды оқиға. Ұшу-қону жолағының жағдайы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды өлшемі болып табылады.

    Сондай-ақ, рейстер саны жыл сайын шамамен 50 пайызға артуда. Қазір астана әуежайында күніне орта есеппен 140 рейс жүзеге асырылады. Ал Ташкент «хаб» орталығына айналып барады. Сондықтан өткен жазда күрделі қайта құру үшін ұшу-қону жолағын жабуға шешім қабылдаған еді», - деп түсіндірді «Uzbekistan Airports» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Раъно Жураева.

    Қайта құру жобасы 120 миллиард сумға бағалануда. Жолақтарды қайта құру жобасын Development infrastructure and design тарапынан әзірленген. Жұмыстар “Dorkompleksnab Plus” OOO мердігер тарапынан жүзеге асырылды.

    Айта кетейік, жаңартылған ұшу-қону жолағына қонатын бірінші ұшақ “Ubzekistan Airways”-ның Дубайдан Ташкентке HY-334 рейсін жүзеге асыратын ұшақ болды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates