Ташкен қаласында тұрғын үй бағасы шарықтау шегіне жетті

    Ташкент қаласынан баспана сатып алу мүмкіндігі жағынан Токио, Париж, Лондон қалаларына жетті деуге болады.

    Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институты тарапынан «Өзбекстанның жылжымайтын мүлік және базарының» есебін дайындады. Есеп Бизнесті дамыту банкінің демеушілігімен дайындалып, республика бойынша тұрғын үй бағасы, жылжымайтын мүлік базарының ағымдағы жағдайы мен болашағы, фундаменталды және экономикалық факторлаға негізделген шарықтау шегі туралы талдаулармен бірге 5 455 адам мен 141 құрылыс компаниясының қатысуымен өткізілген сауалнама нәтижелерін де қамтыған.

    Негізгі қорытындылар:

    Ташкент қаласында тұрғын үй бағасы үшін есептелген «шарықтау индексі» бағаның қаупі шегіне жақындағанын көрсетуде. Ташкентте орташа жөндеуден өткен 2 бөлмелі пәтерді сатып алуға талап ететін мерзім (орташа жалақымен салыстырғанда) 10 жылға жеткен. Осыған байланысты Ташкент қаласы Токио, Париж және Лондон қалаларына дерлік жетті (UBS, 2023).

    Ташкент қаласында тұрғын үй бағасының өзгеруі және оның жалға беруден түсетін жылдық жиынтық табысы жеке тұлғалардың шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттері бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеден (2023 жылғы сентябрьде 5,3 пайыз) әлдеқайда жоғары.

    Өткен жылдары халық санының 1%-ға артуы тұрғын үйге сұраныстың 0,8%-ға артуына әкелді.

    2021-2023 жылдары орта есеппен Ташкент қаласы мен облысында тұрғын үй сатып алатын әрбір бесінші адам ипотекалық несиеге өтініш берген. Бұл аталған аудандардағы тұрғындардың негізінен өз қаржысына баспана сатып алатынын көрсетеді.

    Аумақтарда кадастрлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін 1 шаршы метрдің бағасы кадастрды алу алдындағы бағамен салыстырғанда орта есеппен 19-20%-ға өседі. Ташкентте бұл көрсеткіш 35-39 пайызға жетеді.

    Тұрғын үй бағасының 500 миллион сумнан асуы халықтың 80 пайыздан астамының үй сатып алу мүмкіндігін төмендетеді.

    Халықтың көпшілігінің ипотекалық несиені немесе тұрғын үй құнын бөліп төлеу үшін айына 4 миллион сумға дейін төлеу мүмкіндігі бар.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates