Ташкентте қайта тіктелетін энергия көздері саласындағы инновациялар көрмесі жалғасуда

    Энергия 29 Iyul 2022 1638

    2022 жылдың 28-29 июль күндері Ташкент қаласында «Өзбекстанда қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану және жаңа мүмкіндіктер» республикалық көрмесі өтуде.

    Мемлекет басшысының 2022 жылғы 10 июльде «Экономика салаларын, тұрғындар және әлеуметтік сала нысандарында қайта тіктелетін энергия көзерін кеңінен пайдалану іс-шараларына» арналған бейнеселектор жиналысында осы саладағы жаңалықтарды кеңінен енгізу бойынша бірқатар міндеттер белгіленген еді.

    Осы тапсырмалардың орындалуы бойынша үстіміздегі жылдың 28-29 июль күндері «Узелтехсаноат» бірлестігінің ғимараты аумағында «Өзбекстанда қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Республикалық көрме ұйымдастырылды.

    Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Энергетика министрлігі және «Узелтехсаноат» бірлестігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылған аталмыш көрмеге күн панельдері мен су жылыту құрылғыларын өндіретін және жеткізіп беретін 20-дан астам кәсіпкерлік субъектілері өз өнімдерімен қатысуда.

    Елімізде адам қадір-қасиетін ұлықтау барлық істерде үстем қағидат етіп белгіленген екені атап өтілді. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін ең қажетті ресурстардың бірі – энергия. Соңғы жылдардағы реформалардың нәтижесінде бұл саладағы үзілістер айтарлықтай қысқарды. Алайда, күз-қыс маусымында тұрғындардың энергияға деген қажеттілігінің күрт артуына байланысты барлық ауыртпалық электр желілеріне түседі.

    Бүгінде елімізде 2-3 миллиард киловатт сағат электр энергиясына қосымша сұраныс бар. Алдағы бес жылда бұл қажеттілік 10 миллиард киловатт-сағатқа дейін артады деп күтілуде. Мұндай жағдайда үйлерде, кәсіпорындарда, балабақшаларда, мектептерде, ауруханаларда баламалы энергияны пайдалануды арттыру ең тиімді жол болып табылады. Сондықтан қайта тіктелетін энергия құрылғыларын кеңінен енгізу, бұл тұрғыда халықты қолдап-қуаттау іс-шаралары тұрақты назарда болып қалады.

    Осыған байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерді қолдап-қуаттаудың жаңа жүйесі белгіленді. Осы жүйеге орай, әрбір орнатылған күн және жел электр қондырғылары үшін оның қуатына қарай 15 миллион сумға дейін, су жылыту қондырғыларына 2 миллион сумға дейін өтемақы төленеді. Немесе қондырғының құнын 3 жылда пайызсыз, бөліп-бөліп төлеуге болады.

    Мысалы, бір отбасы су жылытуға айына орта есеппен 195 000 сум жұмсайды делік. Енді олар 6 миллион сумға 200 литрлік күн қондырғысын орнатса, мемлекеттен 2 миллион сум өтемақы алады. Бұл жағдайда ай сайынғы шығындардың үнемділігіне байланысты су жылыту құрылғысы 21 айда өзін-өзі ақтайды және «жанына қалады». Егер отбасы өтемақы емес, бөліп-бөліп төлеуді таңдаса, ай сайынғы төлем 170 000 сум болады. Яғни, ол қазіргі төлемнен аз болады, ал үш жылдан кейін ыстық суға мүлдем шығындалмайды.

    Тағы бір артықшылығы – бұл үшін адамдар ешбір кеңсеге барудың қажеті жоқ. Барлық құжат қондырғы сатып алынған жердің өзінде шешіледі. Бұл жүйе Энергетика министрлігінің арнайы қоры арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы 1 сентябрьден бастап барлық үдерісті цифрландыруды және бұл жаңа жүйені іске қосуды тапсырды.

    Есептер-қисаптарға қарағанда, бір жылда Өзбекстанда 10 миллиард долларлық электр энергиясы мен газ тұтынылады. Мысалы, өткен жылы энергетика ресурстарына Су шаруашылығы министрлігі 3 триллион сум, халыққа білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіне 200 миллиард сум жұмсады. Бұл өз кезегінде министрлік пен басқарманың, әкімдіктің, ауданның барлық ғимараттарын баламалы энергияға өткізу уақытының келгенін көрсетеді.

    Көрмеде В2В форматында кездесулер өтті, жасалған келісімшарттар www.cooperation.uz платформасы арқылы тіркеледі және төлемдерді жүзеге асыруға негіз болады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates