Еліміздегі табиғи газды өңдеу тарихына көз жүгіртсек, 1972 жылы Қашқадария облысына құрылып пайдалануға берілген Мубарак газды қайта өңдеу зауыты іске қосылған. Ал 2021 жылы еліміздегі тұңғыш мұнай-химия кәсіпорны болған Шортан газ-химия кешенін, кейіннен Үстірт газ-химия кешенін құрып, пайдалануға беру нәтижесінде табиғи газдан өнеркәсіптік шикізатты (полиэтилен, полипропилен және т.б.) ажыратып алуға қол жеткізілді.
Бұл кешендердің іске қосылуының нәтижесінде елімізде газ-химия және полимер өнімдерінің өндірісі дамып, мыңдаған дайын пластмасса бұйымдарын шығаратын шағын өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды. Табиғи байлықтарды, сондай-ақ табиғи газды тиімді пайдалану, оны терең қайта өңдеу арқылы сұранысы жоғары дайын өнім өндіруді жолға қою мақсатында Президент Шавкат Мирзияев басшылығында 2021 жылдың 25 декабрь күні Қашқадария облысының Ғузар ауданында «Uzbekistan GTL» зауыты ашылды.
Бұл кәсіпорын, өзінің сирек кездесетін технологиялық артықшылықтарымен және жоғары өндірістік қуатымен ерекшеленеді. Бұл кешен еліміздегі ғана емес, аймағымыздағы мұнай-химия өндірісі саласындағы ең үлкені, десек артық айтқандық емес. Кәсіпорында ең заманалық технологиялар негізінде табиғи газды терең қайта өңдеу нәтижесінде көмірсутегі шикізатының импортын азайтады, мұнай-газ саласының экспорттық әлеуетін арттырады.
Атап айтқанда, жаңа кәсіпорын жұмыс бастауымен жылына 3,6 миллиард текше метр табиғи газды қайта өңдеп, құны 1 миллиард доллардан асатын 1,5 миллион тонна дайын сұйық өнім шығарады. Сонымен қатар 307 мың тонна авиакеросин, 724 мың тонна дизельдік отын, 437 мың тонна нафта, 53 мың тонна сұйылтылған газ өндіріледі. Бұл кәсіпорын өнімдерінің ел экономикасындағы өте маңыздылығын мынадан көруге болады.
Жанармай импорты азайып, экспорт көбейеді
Кәсіпорынның өнімдері есебіне жылына 500 миллион долларлық импорттың орны қапталады, 200 миллион долларлық экспорт және 2 триллион сумдық салық базасы артуына мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ 300 миллион долларлық көгілдір отын өңделіп, одан үш есе қымбат және әлемдік нарықта сұранысы жоғары дайын өнімге айналуына қол жеткізіледі.
Авиациялық керосинге деген сұраныс толық қапталады
Бұл бірігей кәсіпорында авиакеросин өндірудің басталуы елімізде жоғары сұранысқа ие осы өнімнің өзіндік құнының айтарлықтай арзандауына, сондай-ақ бар авиакеросин тапшылығын жоюға қызмет етеді. Одан да маңыздысы, мұнда өндірілетін авиакеросин ең заманалық ұшақтарға арналған, бұл әуе компанияларына қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайтудың қауіпсіз және тиімді жолдарын ұсына отырып, болашақта Өзбекстанда авиациялық хабтар мен жүк логистикалық компанияларын дамытуға мүмкіндік береді.
Экологиялық таза дизель
Өндірілетін дизель отыны жоғары техникалық сипаттамаға ие және құрамында алтынкүкірт мөлшері жоқ болғандықтан атмосфераға айтарлықтай қалдықтарды шығармайды. Бұл GTL дизельді таза түрінде дизель двигательдерде қолдану, дәстүрлі дизель өнімдерімен араластыру үшін шикізат ретінде де қолдануға болатынын білдіреді. Оның таза және толық жануы двигательдердің қызмет ету мерзімін ұзартуымен және жанар-жағар майларды ауыстыру аралығын ұзартуымен маңызды.
Электрмен жабдықтаудағы инновациялық шешім
Өндірістік үдерістерді электр энергиясымен қамтамасыз етуде де инновациялық шешімдер қолданылады. Яғни, технологиялық үдерістерде пайда болатын будың есебінен, жылына 650 миллион киловатт-сағат электр энергиясы өндіріліп, кәсіпорын өзін-өзі энергиямен толық қамтамасыз етеді.
Толық автоматтандырылған басқару
Кәсіпорынды басқару орталығы толығымен автоматтандырылған болып, мұнда өнім өндіру, мониторинг және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық жүйесі басқарылады. Мұндай маңызды үдерістерге адам факторының әсері өте төмен дәрежені құрайды.
Жаңа өндіріс орындарын құру мүмкіндігі
Кәсіпорында өндірілетін нафта өнімдерінің арқасында облыстағы «Шортан газ-химия» кешенінің өндірістік қуатын 3 есеге кеңейтуге мүмкіндік туады. Яғни, нафтаны қайта өңдеу есебінен жылына 380 мың тонна полиэтилен мен полипропилен шығаратын жаңа өндіріс қуатын іске қосу және қосымша мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпорын өнімдерінен шикізат ретінде пайдалана отырып, алкил-бензол, бутен және гексен, синтетикалық майлар, малеин ангидриді, эмульсиялық қоспалар, катализаторлар сияқты өнімдерді шығару бойынша құны 620 миллион долларды құрайтын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қорыта айтқанда, бұл мега жоба жанармай өнімдерінің импортын азайтуға, экспортты арттыруға, экономиканы экологиялық таза отынмен қамтамасыз етуге, жаңа өнім түрлерін шығаруға септігін тигізеді.
Абдуғани Умиров,
Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының депутаты.