Бүгін, 6 майда Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов «Veon» компаниялар тобының бас директоры Каан Терзиоглумен кездесті.
Кездесуге Сербияның бұрынғы президенті Борис Тадич те қатысты.
Жиналыста АКТ министрі Ш. Шерматов елімізде телекоммуникация қызмет көрсету базарын одан әрі дамыту, салаға инвестицияларды тарту, атап айтқанда, ұялы байланыс компанияларының тиімді жұмыс істеуі үшін кең мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.
Президент Шавкат Мирзияевтың Министрліктің алдына Өзбекстанды аймақтық ақпараттық технологиялар орталығына айналдыру, осы жылдың соңына дейін IT өнімдері мен қызметтерінің экспортын 100 миллион долларға жеткізу міндетін қойғанына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ақпараттық технологиялар мен жаңа мобильді технологияларды енгізу және болашақтағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алысылды.
Бүгінде Өзбекстанда “Veon” компаниялар тобының қатысуымен жабдықтарды жаңғыртуға және пайдаланушыларға қолайлылық жасауға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ тараптар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін және осы бағытта барлық іс-әрекеттерді жұмылдыруға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ жергілікті жастарды жұмыспен қамту арқылы BPO (бизнес-үдеріс аутсорсингі) және КПО (білім үдерістерінің аутсорсингі) қызметтерін дамыту жобаларын жүзеге асыруға “VEON” компаниясының тікелей қатысу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты мүдделі болашағы зор бағыттар, сонымен қатар АКТ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту, тағы басқа да маңызды мәселелер талқыланды.