Мемлекет басшысы жекешелендіру бойынша кеңес өткізді

    Билік 8 Noyabr 2021 6673

    8 қарашада Президент Шавкат Мирзияев мемлекеттік нысандарды жекешелендіру бойынша кеңес өткізді.

    Экономикада мемлекеттің қатысуын азайтып, жеке кәсіпкерлік дамуына кең жол ашылуда. 2021-2022 жылдары мемлекеттік кәсіпорындардың санын кемінде 3 есеге қысқарту жоспарланып, биылғы жылы 4,5 триллион сумға 619 мемлекет мүлкі сатылды.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің инаугурация рәсімінде Шавкат Мирзияев экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі мемлекеттік кәсіпорындарды трансформациялау және жекешелендіру үдерістерін жеделдету жайлы айтқан болатын.

    Бүгінгі жиында Мемлекет басшысы жекешелендірудің жаңа әдістерін енгізу және барлық кезеңде ашықтықты қамтамасыз ету маңызды мәселе екенін атап өтті.

    Жекешелендірілген кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Осы мақсатта беделді шетелдік кеңесшілерді тарта отырып, ірі кәсіпорындарды жекешелендіру стратегиясын әзірлеу міндеті қойылды.

    Сондай-ақ стратегиялық кәсіпорындарды басқаруға халықаралық білікті менеджерлерді тарту қажет екені айтылып, құны 10 миллион доллардан асатын активтерді сату процесінде ұсыныстарды қабылдауды және оларды бағалауды тәуелсіз шетелдік кеңесші жүзеге асыратыны белгілі болды.

    Келесі жылға атқарылатын міндеттер қатарында, 32 ірі мемлекеттік активтерді сату, «Узсаноатқурилишбанкті» жекешелендіру, мемлекеттік кәсіпорындардың салалық емес және тиімсіз 368 активтерін сату жоспарлануда. Өңірлерде 770 актив сатуға дайын. Осы арқылы бюджетке 10 триллион сумға жуық қаржы беру жоспарлануда. Жауапты қызметкерлерге осыған байланысты жұмысты жеделдету тапсырылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates