Алмалық тау-кен металлургия комбинатында жаңа мыс байыту фабрикасы құрылады

    Билік 29 Iyul 2021 6588

    Алмалық тау-кен металлургия комбинатында 3-ші мыс байыту фабрикасының құрылысын бастауға арналған салтанатты шара өтті.

    Шараға қатысқан Мемлекет басшысы: -Баршаңызды бүгінгі қуанышты оқиға - Алмалық тау-кен металлургия комбинатында жаңа мыс байыту фабрикасының құрылысымен шын жүректен құттықтаймын, - деді.

    Соңғы жылдары зауыттың белсенділігі жоғары деңгейге көтеріліп, мыс өндірісі 1,5 есеге артып, 150 мың тоннаға жеткені атап өтілді.

    Соңғы үш жылда комбинат аумағында жалпы ұзындығы 206 мың метр болатын 475 құдық бұрғыланып, осы кен орындарынан алынған 100 мыңнан астам кен сынамалары химиялық анализ негізінде халықаралық танылған шетелдік зертханаларда терең зерттелді. Халықаралық бағалау критерийлеріне сәйкес, мыстың жалпы қоры 45 миллион тоннаға, ал алтын қоры 5 мың тоннадан асады. Бұл әлемдегі ең үлкен және бірегей көрсеткіштер.

    Сондай-ақ, мұнда қазып алынған руда құрамында күміс, молибден, селен, теллур, рений және басқа да сирек кездесетін металдар бар екендігі анықталды.

    «Ёшлик-1» кен орны негізінде салынып жатқан 3-ші мыс байыту фабрикасы - осы үлкен қадамдардың бірі. Құны 2 миллиард доллар болатын зауыт бірінші кезеңде жылына 60 миллион тонна кен өңдейтін болады.

    Екінші кезеңде қуаттылық 160 миллион тоннаға жетеді немесе бүгінгіден 3 есеге өспек. Осы екі кезеңнің нәтижесінде кәсіпорын 2028 жылға дейін жылына 400 мың тонна мыс, 50 ​​тонна алтын және 270 тонна күміс өндіруге мүмкіндік алады.

    Осылайша, Алмалық комбинаты тау-кен металлургия саласындағы әлемдегі ең ірі өндірістік кешендердің біріне айналады.

    - Болашақта зауыт шығаратын өнім көлемі 3 еседен астамға артады, ал оның құны қазіргі 2,5 миллиард доллардан шамамен 8 миллиард долларға дейін өседі. 11 мың жаңа, жоғары технологиялық жұмыс орындары құрылады.

    Бұл біздің жастарға геолог, инженер, технолог, дизайнер, бағдарламашы және басқа заманауи мамандық иелері болуға мүмкіндік береді.

    Осынау жоспарлар нағыз революциялық қадам деп сеніммен айтуға болады, - деді Мемлекет басшысы.

    Келесі жылдан бастап геологиялық барлау толығымен халықаралық JORC стандарттарына көшеді. Алдағы 5 жылда еліміздегі барлық жобалар есебінен кенді өндіру және қайта өңдеу көлемі жылына 130 миллион тоннадан 300 миллион тоннаға дейін артады.

    Қазіргі уақытта Канада, Франция, Жапония, Түркия, Қытай және басқа елдердің компаниялары Өзбекстанда геологиялық барлау және кен орындарын игеру бойынша жұмыс жүргізуде.

    Салтанатты шарада Президент Шавкат Мирзияев 3-ші мыс байыту фабрикасы құрылысының іргетасын қойып берді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates