Бүгін Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) Бас директоры, Дүниежүзілік су спорты түрлері федерациясының (World aquatics) президенті Хусайн Ал Мусаллам және Азия велоспорт конфедерациясының президенті Осама Ал Шафар Ташкентке келді.
Жызақ облысында іссапармен жүрген Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы, еліміздің велоспорт федерациясының басшысы Танзила Нарбаева Жызақ Олимпиада және Паралимпиада спорт түрлеріне дайындау орталығында болды.
«Велоспорттың шеоссе түрі бойынша “Оқтош-Чорбоғ Mountain“ халықаралық велоспорт жарысының өткізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 10-11-13-14 май күндері сағат 08:00 ден 17:00-ге дейін Ташкент облысының Бостандық және Жоғарышыршық аудандары арқылы өтетін автомобиль жолдары уақытша жабылады.
5 майда Өзбекстан велоспорт федерациясының төрағасы Танзила Нарбаева Азия велоспорт конфедерациясының президенті Осама Ахмад ал-Шафарды қабылдады.
Бостандық ауданында велоспорттың шоссе (Роад) түрі бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге арналған спорт нысанын салу үшін жер телімдері беріледі. Тиісті қаулыға Ташкент облысы әкімінің міндетін атқарушы З.Мирзаев қол қойды.