Шамамен 100 миллион доллар тұратын жаңа нысан әйелдер командасының тұрақты үйіне айналады. Стадион ойыншылардың, қызметкерлердің және жанкүйерлердің қажеттіліктерін ескере отырып жобаланады.
Кешен Англия премьер-лигасында ойнайтын ерлер командасының қазіргі стадионының жанында орналасады. Алғашқы сыйымдылығы – 10 000 көрермен, сондай-ақ екі аренаны жаяу жүргіншілер көпірі байланыстырады.
Қазір құрылысқа қажетті рұқсаттар алынуда. Клуб стадионды 2030/31 жылардың маусымының басында ашуды жоспарлап отыр.
Бұл – Еуропадағы алғашқы осындай жоба және әлемдегі сирек бастамалардың бірі. Бұған ұқсас стадион алғаш рет АҚШ-та пайда болған: «Канзас-Сити Каррент» әйелдер футбол клубы екі маусым бойы «Си-Пи-Кей-Си Стэдиум» аренасында ойнап келеді.
Сондай-ақ, АҚШ әйелдер футбол лигасының «Денвер Саммит» командасы өз стадионының құрылысын 2028 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Жаңа стадион әйелдер футболының ерекше қажеттіліктеріне бейімделіп құрылады. Киім ауыстыратын бөлмелерден тартып, қалпына келтіру аймақтарына дейін барлық инфрақұрылым кәсіби спортшылардың қажеттіліктерін қамтиды.
Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін жайлы және отбасылық жағдай жасауға басымдық беріледі: кең қоғамдық орындар, ойын-сауық элементтері, қауіпсіз орта қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды kazinform.