Шара елордадағы «Жаңа Өзбекстан» саябағында сағат 20:00-де
басталады. Аспанда көрсетілетін жарқын дрон-шоу көрермендерге мерекелік көңіл
күй сыйлайды деп күтілуде.
Тамашалауға барлық елорда тұрғындары мен қала қонақтары
шақырылады. Кіру тегін.
Ташкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, шара барысында жол
қозғалысына шектеу қойылмайды. Автокөліктер әдеттегі тәртіппен қозғалады.