Ереже өз қызметінде қалдықтардың пайда болуын азайтуда бастамашылық көрсеткен кәсіпкерлер арасында «Ең үлгілі жасыл туризм нысаны» байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

Туризм комитеті әр жылы 1 июльге дейін байқауды өткізу туралы өзінің ресми сайтында жариялайды.

Байқау жыл сайын сентябрь-ноябрь айларында төмендегі басқыштарда өткізіледі:

аймақтық іріктеу басқышы – Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы деңгейінде;

республикалық қорытынды басқышы – аумақтық іріктеу басқыштарының жеңімпаздары арасында республикалық деңгейде.

Республикалық басқыштың жеңімпаздары төмендегі мөлшерлерде біржолғы төленетін ақшалай сыйлықпен марапатталады:

1 орын – БЕМ 150 есе;

2 орын – БЕМ 100 есе;

3 орын – БЕМ 50 есе.