Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру бойынша жиын өткізді

    Билік 8 Iyun 2021 8187

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 8 маусымда ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту және азық-түлік өндірісінің көлемін ұлғайту мәселелері бойынша бейне конференциялы жиын өтті.

    Биыл жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 457 мың тұрақты жұмыс орнын құруды көзделген. Мұның негізгі бағыты ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету салалары болып табылады.

    Мысалы, автокөлік жолы бойында сауда мен қызмет көрсетуді жолға қою, қала мен аудан орталықтарында арнайы көшелер құру арқылы 150 мың жұмыс орнын ашуға болады.

    Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір жолы ол – жер. Осы мәселеге жіті назар аударған Мемлекет басшысы жиында: - Жастарға жер беру тәжірибе ретінде қаралды. Енді біз үлкен жүйеге көшеміз. Біз жерді нақты иесіне - халыққа береміз. Әкімдер, сектор жетекшілері қандай мақта және астық алқаптарын қысқартуды анықтап, оны жұмыссыздарға беру керек. Бергенде де, қызығушылық танытып, әділетті бөлінуі қажет. Бұл жүз мыңдаған адамдарымызды жұмыспен және қаржымен қамтамасыз етеді, - деді Шавкат Мирзияев.

    Енді жерді кәсіпкерлік үшін жерді тікелей және өтеусіз беру тәжірибесінен мүлдем бас тартылып, жеке меншікке сатылатын немесе жалға берілетін жерлер барлығына бірдей және ашық, электрондық аукцион арқылы жүзеге асырылады. Аудан және қала әкімдерінің жер бөлуге және оларды қайтаруға байланысты барлық өкілеттіктері жойылды.

    Халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты тағы бір мәселе - азық-түлік тауарларының арзандығы.

    Осы мәселегеде тоқталған Президент: - Бағаны арзандату кәсіпкерлер мен мал өсірушілерді өз өнімдерін оларға арзан бағамен сатуға мәжбүрлеу дегенді білдірмейді. Бірінші кезекте бізге нарықтағы ұсынысты арттыру керек, - деді Мемлекет басшысы.

    Нарықтағы ұсынысты арттыру үшін қысқа мерзімде жоғары нәтиже беретін салаларға ерекше назар аудару қажет. Сондай салалардың бірі - құс шаруашылығы.

    Мысалы, 1 келі салмақ қосу үшін құсқа 1,7 килограмм, ал сиырға 8 килограмм жем қажет. Алайда біздің елде құс еті де, жұмыртқа да жан басына шаққанда аз өсіріледі.

    Сондықтан, бүгінгі кездесуде құс шаруашылығын қолдаудың жаңа тетіктері анықталды. Яғни, жұмыртқаға берілетін субсидия мөлшері 3 есеге, ал құс еті 2 есеге көбейтіледі. Аралас жем және құс өнімдерін өндірушілерге айналым қаражаты мен құс жобалары бойынша несиелер Орталық банктің базалық ставкасынан жоғары бөлігі өтелетін болады.

    Құстарды союға арналған заманауи кешенді жобалардың шығындарының бір бөлігі өтеледі және құс фабрикалары үшін пайда, мүлік, жер және су салығының ставкалары 50 пайызға төмендетіледі.

    Мемлекет осы саладағы жобаларды жүзеге асыру үшін Микрокредитбанк арқылы 50 млн доллар бөледі.

    Мал және құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметін қайта жолға қою және жергілікті ауа-райына сәйкес асыл тұқымды құстарды бағу міндеті жүктелді. Институтты қажетті құрал-жабдықтармен және асыл тұқыммен қамтамасыз ету үшін 10 млрд сум бөлінеді.

    Мал шаруашылығында 1 мыңнан астам, балық шаруашылығы саласында 317 жобаны іске қосу арқылы ет өндірісін арттыруға шаралар қабылданды.

    Сонымен қатар, биылғы жылы су тапшылығын ескере отырып, құдықтан су шығаруға 200 млрд сум бөлінетін болыд және осы қаражат есебінен кем дегенде 10 мың гектер жерді мал азығын дайындауға бейімделуі мүмкін.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates