Онда Олий Мажлистің Заң шығару палатасының депутаттары, Әлем банкі сауда макроэкономикалық және инвестициялаудың әлемдік практикасындағы экономисті Винаяк Нагарадж, Мәскеудегі ХЕҰ кеңесінің сарапшысы Рамиро Писарро, халықаралық еңбек ұйымының Өзбекстандағы ұлттық координаторы Азизхон Ханходжаев, тиісті министрліктер, мекеме мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты.
Халықаралық сарапшылар мен мамандар тақырыпқа байланысты тұрақтылықты дамыту мақсаттарына қол жеткізуде еліміздегі тұрғындардың жұмыспен қамту, олардың тұрмыс жағдайын жақсарту, нақты табысты арттыруға мемлекеттік жоғары деңгейде көңіл блінгенін бағалады.
Жоғарыда айтылғанындай, тұрақты даму саласындағы 8-мақсат ретінде “Нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыруда ерлер мен әйелдерді лайықты жұмыспен қамту негізінде тұрақты және жан-жақты экономиканы өсіруге көмектесу” белгіленген. Осы мақсаттың өзі 10 өзекті бағытты қамтыған. Әсіресе, 2030 жылға дейін жалпы ішкі өнімдер көлемі тұрғындардың жан басына есептегенде екі есеге өсіру, барлық әйелдер мен ерлерді, сонымен қатар, жастар мен мүгедектігі болған
Тұлғаларды тұрақты әрі нәтижелі жұмыспен қамту, сондай-ақ теңдей бірдей еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету — бірінші кезектегі міндет.
Тұрғындардың жұмысбастылығын және еңбекке қатысты бірқатар құқықтық құжаттар, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының 2020 жылы 20 октябрьде “Тұрғындардың жұмысбастылығы туралы” Заңды, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 апрельдегі “2021 жыл жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және тұрғындардың жұмысбастылығына көмектесу бойынша мемлекеттік бағдарлама туралы ” қаулысы, “Халықаралық еңбек ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және гигиенасынына көмектесу негіздері туралы” 187-санды Конвенциясын ратификациялау туралы” Заң қабылданды. Қазірде жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Еңбек кодексі Заң шығару палатасы тарапынан екінші оқуға дайындалуда.
Сонымен бірге, тұрғындарды жұмыспен қамту көрсеткіші сапасын арттыру бойынша жүзеге асырылған реформалар мен олардың нәтижелілігі, әйел-қыздар мен жастарды кәсіпке үйрету, олардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету бойынша жасалған мүмкіндіктер, сонымен қатар “Әйелдер дәптері” , “Темір дәптер” және “Жастар дәптері” туралы да айтылды.
Дөңгелек үстел сұхбатының соңында депутаттар, жауапты министрліктер мен мекемелердің өкілдері халықаралық сарапшылар мен мамандар тарапынан нәтижелі жұмысбастылықты арттыру және ерлер мен әйелдерді лайықты жұмыспен қамту негізінде тұрақтылық пен кең көлемді экономиканың өсуіне көмектесу бойынша тиісті ұсыныстар мен қорытындылар жасалды, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.