«GОC-UZ» жаңа өндірістік кәсіпорны тек Өзбекстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымын шетел валютасына сатып алынған өніммен қамтамасыз ету мәселесін шешіп қана қоймай, жүзден астам адамды, оның ішінде Жызақ қаласындағы кәсіптік-техникалық колледж түлектерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Оптикалық талшық кабельдер шығаруға мамандандырылған «Global Optical Communication Uzbekistan» ЖШҚ Біріккен кәсіпорнына 2019 жылдың октябрь айында «Uzbektelekom» АҚ және Оңтүстік Кореяның «Global Optical Communication Co. Ltd.» және «Uni Asset Global Co. Ltd. » компанияларымен бірге негіз қаланған.
2020 жылдың бірінші кезеңінде «Global Optical Communication Uzbekistan» БК-ның “Жызақ” еркін экономикалық аймақтағы ғимаратта Корея, Жапония, Қытай компанияларының заманалық қондырғылары орнатылып, қазіргі күнде бұл жерде дайын өнімдер өндірілуде.
Қазіргі таңда оптикалық-талшық байланыс кабельдері шығаруды ұйымдастыру жобасы «Global Optical Communication Uzbekistan» ЖШҚ БК тарапынан 2 басқышта жүзеге асырылуда:
— Біріккен кәсіпорынға «Өзбектелеком» АҚ үлесі ретінде кіргізілген «Жызақ» еркін экономикалық аймағындағы 1,6 гектар жерге және оның өндірістік нысандарына құрал-жабдықтар орнатылды. Орнатылған жабдықтыр жылына импорт орнын басатын 20 мың шақырым оптикалық-талшық байланыс кабелін шығара бастады.
—Еркін экономикалық аймақтармен және шағын өнеркәсіптік аймақтардың Әкімшілік кеңестің 2020 жылғы 25 январдағы шешіміне сәйкес, «Жызақ» еркін экономикалық аймағынан қосымша 4,5 гектар жер бөлінді. Бұл аумақта импорт орнын басатын 30 мың шақырым оптикалық-талшық байланыс кабельді шығару қуатына ие кешен салынып, пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда, біріккен кәсіпорында 50 мың шақырымдық оптикалық-талшық байланыс кабелі шығарылуда.
Сала басшысы кәсіпорын мамандарымен өндірістік үдерісін кеңейту, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, оларды ішкі және сыртқы нарыққа шығару жөнінде әңгімелесті. Бұл ретте кәсіпорындағы жас қызметкерлермен және оларға жасалып жатқан жағдаймен танысты, деп хабарлайды Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.