Кездесуде экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Активтерінің құны 60 миллиард доллардан асатын жаһандық инвестициялық корпорация коммуникация желісі, пайдалы қазбаларды өндіру, көлік және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларына тікелей инвестиция бағыттауды жоспарлап отыр.
Вице-президент Брайан Хук ынтымақтастықтың алғашқы жобалары осы жылдың соңына қарай басталатынын атап өтті.
Кездесу соңында ынтымақтастық бойынша «жол картасын» қабылдауға келісілді.