Қолданыстағы заңға сәйкес, шетел валютасында қарыз беру және қайтарып алу бойынша келісімшарт жасауға рұқсат етілмеген және бұл азаматтар шетел валютасында қарыз алды-бердісін жүзеге асыруға шектеулерді туғызатын еді.
Алайда іс жүзінде азаматтардың шетел валютасында несиелік келісімшарт жасасу көптеп кездесіп, бұл шектеулер себепті жазбаша түрде қарыз келісімшартты жасасуға және кейіншелік дау туындаған жағдайда олардың құқықтарын қорғауда кедергілерге әкеліп соқтырды.
Осыған байланысты азаматтар арасында туындайтын мәселелерді жою мақсатында Президент Жарлығымен аталған шектеулер жойылып, жеке тұлғаларға несиелік келісімшарттарын нотариалды бекіту арқылы шетел валютасында несие беруге және қайтарып алуға рұқсат берілді.
Жарлықта белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуде және шетел валютасымен қарыз беруде азаматтардың құқығын қорғау мақсатында Әділет министрлігі Заң жобасын әзірледі.
Жоба төмендегілер көзделген:
—Азаматтық кодекске азаматтар арасында қарыз келісімшарты, егер бұл қарыздың сомасы базалық есептеу көлемінің он есесінен асатын болса, жай жазбаша түрде жасалуы, қарыз сомасы шетел валютасында белгіленген болса жазбаша түрде жасалса, онда нотариалды тәртіпте бекітілуі шарт екені сияқты жаңа ереже енгізілуде.
- «Валютаны реттеу туралы» Заңға Өзбекстан Республикасы аумағында резиденттер мен резидент емес жеке тұлғалар арасындағы валюта операцияларына жазбаша түрде құрылған және нотариалды тәртіпте бекітілген қарыз келісімшарт арқылы қарыз беруге және қайтарып алуға қатысты операциялар енгізілуде;
- «Мемлекеттік баж туралы» Заңға қарыз келісімшартын нотариал бекіткендік үшін және нотариустың қарыз келісімшартынан туындайтын міндеттемелерді орындауы бойынша атқару парағын ресімдегенде мемлекеттік баж көлемін екі есеге азайту көзделген.
Бұл заң жобасының қабылдануымен жеке тұлғалардың өз меншігі саналған шетел валютасындағы ақша қаржыларын еркін иелік етуіне, атап айтқанда, дау туындаған жағдайда сотта өз құқықтары мен заңды мүддесінің толық қорғалуына құқықтық негіз жасалуы, сондай-ақ қарыз беруде және алуда келісімшарттық-құқықтық қатынастардың дамуына түрткі беруі және бұл туралы жасырын келісімдер түзілуінің алдын алуы қамтамасыз етілген.
Бұл ретте нотариустар шетел валютасындағы несие келісімшарттарын бекіту кезінде азаматтарға қажетті заңгерлік көмек пен қызметтерді көрсетеді, ал нотариаттық атқару хаттарын жазуда мемлекеттік баждың азайтылуы нәтижесінде соттағы даулардың санын азайтып, олардың жұмыс көлеміне оң әсерін тигізеді.