Талқылауда сенаторлар Заңды даярлауда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықтың табысы, олардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, сондай-ақ отбасын сақтап қалу бойынша жүзеге асырылған реформалар мен халықаралық ұйымдардың ұсыныстары ескерілмегенін атап өтті.
Атап айтқанда, БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы заңдылықты әзірлеу бойынша ұсынымдарында жанұядағы зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған адамдарға айыппұл салуды жәбірленушіге түсетін ауыртпалық ретінде қарау, сондықтан құқықбұзушыларды жазалаудың орынсыз жаза түрі ретінде қарастырылуы көзделген.
БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің Өзбекстанның 6- кезеңді есебі бойынша қорытынды ұсыныстарында қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды орындамағандық үшін тиісті тыйып тұрушы жазалау шараларын қолдану қажет екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ, «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияның» 35-ұсынысында қорғау шараларын қолдану зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе зорлық-зомбылықтың нәтижесінде жәбірленген әйелдерге қаржылық, бюрократтық немесе жеке ерекшелікке ие шамадан тыс ауыртпалық салмауы керектігі айтылған.
Талқылау барысында зорлық көрсеткен және (немесе) зорлық-зомбылық жасаған немесе оларды жасауға бейім адам тарапынан қорғау ордерінің талаптарын орындамағаны үшін тағайындалған жаза іс жүзінде жәбірленушіге жүктелетіні атап өтілді.
Жергілікті және шетелдік сарапшылардың пікірінше, қорғау нұсқауын бұзғаны үшін қудалау мен зорлық-зомбылық жасаған адамды жазалау Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияның 2-бабы (әйелдерге қатысты қандай да бір кемсітетін әрекеттерді жасаудан өзін тыю) бойынша Өзбекстанның өз мойнына алған міндеттемелерін бұзуға әкеп соғатын ықтималын күшейтеді.
Бұл өз кезегінде Өзбекстан Республикасының халықаралық рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштеріне кері әсерін тигізуі мүмкін.
«Әйелдерді қудалау мен зорлық-зомбылықтан қорғау жүйесін жетілдіру іс-шаралар туралы» Үкіметтің 2020 жылғы 4 январьдағы 3-санды қаулысымен бекітілген Ереженің 18-тармағында да қудалап, зорлық-зомбылық жасаған адамға жәбірленушіні емдеу, кеңес беру және көмек көрсету бойынша арнайы орталыққа орналастыру шығындарын, материалдық залалды және моральдық залалды өтеу міндеті жүктеледі.
Жиналыс барысында отбасындағы қысым мен зорлық-зомбылықтың алдын алу жауапкершілікті арттырып қана қоймай, ең алдымен, рухани, тәрбиелік және отбасының келешекте барлық жағынан материалдық және үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жүйелі және қисынды тұрғыдан байланысты болған бірізді шараларды қажет ететін заң нормаларын дайындау қажеттігі айтылды.
Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, сенаторлар «Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 2061-бабына өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдамау туралы қаулы қабылдады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.