COP16: Әлем елдері құрғақшылық пен шөлейттенуге қарсы күресу үшін тағы бір рет бірлесіп жатыр

    UNCCD COP16 құрғақшылыққа төзімділік бойынша жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірін бастап, жерді қайта қалпына келтіру үдерісін кеңейтеді және жеделдетеді.

    2024 жылғы 2-13 декабрь аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес туралы конвенциясының (UNCCD) тараптары конференциясының 16-сессиясы (COP16) өтеді. Онда дүниежүзінің назарын аударған құрғақшылық пен шөлейттенуге қарсы күреске қаратылған.

    Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылғы 13-17 ноябрь күндері БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес туралы конвенциясының (UNCCD) орындалуын қарау жөніндегі комитеттің 21-ші сессиясына (CRIC-21) қонақкәделік жасады.

    Онда жерді тұрақты басқару, құрғақшылыққа төзімділікті арттыру, тұрақты ауыл шаруашылығындағы әйелдердің жетекшілігін қолдау, жердің диградасиясы және оның алдын алуға қаратылған шараларды қаржыландыру және ықылым өзгеруіне байланысты мәбүрлі миграцияға қарсы күресте стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың қиындықтары мен мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ Сауд Арабиясында өтетін COP16-да Өзбекстан тарапынан алға қойылған Шаң және құм борандары бойынша Самарқант декларациясын қарау ұсынылды.

    COP16 «Біздің өлкеміз. Біздің болашағымыз” ұранымен 197 тарап (196 мемлекет және Еуропа Одағы) сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін бірлестірді.

    COP16 барысында төмендегі мәселелер көзделіп қаулылар қабылдануы күтілуде:

    — 2030 жылға дейін және одан кейінгі жылдары бұзылған жерлерді қалпына келтіруді жеделдету;

    — өсіп келе жатқан құрғақшылық пен шаң-тозаңды дауылға төзімділікті күшейту;

    — жерді қайта қалпына келтіру және табиғи азық-түлік өндірісін арттыру;

    — жерге деген құқықтарды қамтамасыз ету және тұрақты басқару үшін теңдікті қамтамасыз ету;

    жаңа экономикалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ жерді басқаруда жастар үшін лайықты жұмыс орындарын құру.

    Шара барысында жетекші елдердің саммиті өткізіледі, онда мемлекет басшылары, кәсіпкерлер және әлемдік көшбасшылар жаһандық және аумақтық деңгейде шөлейттену, жерлердің деградациясы мен құрғақшылық мәселелеріне шешімін іздейді. Сондай-ақ түрлі тұсаукесерлер, баяндамалар, экологиялық проблемаларға қарсы күресте жастардың орны, гендер мәселелеріне де назар аударылды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат ретінде, қазіргі уақытта жер шарының шамамен 40 пайызы деградацияға ұшыраған, бұл 3,2 миллиард адамға тікелей әсер етуде. Құрғақшылық дәрежесі 2000 жылдан бастап 29 пайызға өсті, ал 2050 жылға қарай жер шары халқының 4/3 бөлігі құрғақшылықтан зардап шегуі мүмкін. Бұдан тыс, жыл сайын кемінде 100 миллион гектар құнарлы жер жоғалып жатыр. Құрғақшылықтан зардап шеккендердің 85 пайызы дамушы елдерде жасады.

    Егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, 2030 жылға қарай жер деградациясыз әлемді құру үшін 1,5 миллиард гектар жерді қайта қалпына келтіру қажет болады.

    1 000 000 000 (бір миллиард) жастар жер мен табиғи ресурстарға байланысты болған дамушы аймақтарда жасайды. Бұл жерді қалпына келтіру бойынша жаһандық міндеттемелерді орындау үшін жастарды тарту керек деген сөз.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates