Кездесуде Өзбекстанда халықаралық қаржы институттарының қолдауымен энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, соның ішінде қайта тіктелетін энергия көздері, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, энергетика секторын дамыту жоспарлары, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасында энергия ресурстарының интеграциясы мен базарды дамытуға бағытталған жобалар туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылы жалпы қуаты 4300 МВт болған қайта тіктелетін энергия көздері, соның ішінде 2100 МВт – ірі күн және жел электр станциялары, 1200 МВт – әлеуметтік сала нысандары, шаруашылық субъектілердің ғимараттары мен кешендері және пәтерлерге орнатылған күн панелдері, 550 МВт — кәсіпкерлер тарапынан құрылатын шағын фотоэлектр станцияларын іске қосу жоспарына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, тұтынушыларға электр энергияны жеткізіп беру және бөлу жүйесін дамыту бағдарламалары, таяу жылдарға молжалданған болашақта жоғары кернеулі трансформаторлар мен ұзындығы 5 мың шақырымдық болған жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін салудың болашақтағы жобалары таныстырылды.
Кездесуде Анна Берде ханым біздің елімізде энергетика саласында жүзеге асырылған, «жасыл» энергетика, әсіресе қайта тіктелетін энергия көздерін дамыту жолындағы реформаларды жоғары бағалады және саланы дамытудың барлық бағыттарында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Бұл ретте, электр энергиясын жеткізіп беру және бөлу желілерін дамытуға және осы бағыттағы жобаларды қаржыландыруға баса назар аудару қажеттігін қарастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.