Осы мақсатта алты ай ішінде Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауытының мамандары ғылым-зерттеу істерін, халықаралық инжинирингтік компаниялардың мамандарымен кеңестер жүргізілді.
Мұнай шламына байланысты қандай проблема бар? Бұл қалдықтар түрі мұнай өнеркәсібінде ауаның ластануына зияны тиетін факторлардың бірі болып табылады.
Мұндай мұнай шламын жою бойынша көптеген жобалар кейбір себептерге орай күткен нәтижені бермей отыр. Олар арасында: дұрыс таңдалмаған жабдықтар мен химиялық заттар (демулсификаторлар, флокулянттар), қайта өңдеуге болатын қалдықтардың жағдайы және т.б. білімнің жетерлі болмауында.
Бұл технология мұнай шламын коммерциялық сапалы мұнайға, су мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін қатты фазаға бөлу арқылы жою (утилизация) мүмкін. Осылайша, қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту нәтижесіне қол жеткізіледі.
Қазіргі уақытта Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауыты «Hebei GN Solids Control Co., Ltd» (XXR) компаниясымен түрлі мұнай шламының композицияларын қайта өңдеу жүйесінің мобильді нұсқасын толық өндіру және жеткізіп беру бойынша келісімшартқа қол қойды. Осы технологияны енгізудің жалпы құны шамамен 800 мың долларды құрайды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ең бастысы, бұл жүйенің қуаттылығы тек Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауытында жиналған мұнай шламын ғана емес, республиканың кез келген қажетті кәсіпорындарында пайда болған мұнай шламдарын өңдеуге де мүмкіндік береді.