Мемлекет басшысы жер есебі мен кадастрлық қызметті жетілдіру бойынша кеңес өткізді

    Билік 27 Oktabr 2023 6509

    Президент Шавкат Мирзиёев 27 қазан күні жер ресурстарын тиімді пайдалану, жерді есепке алу және кадастрлық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Соңғы жылдары бұл салада үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, топографиялық өлшемдер үшін Кадастр агенттігіне арнайы ұшақ пен аэрофотокамера, 112 дрон берілді. Саланы цифрландыру үшін 6 ақпараттық жүйе мен дата орталығы іске қосылды.

    Соның арқасында соңғы үш жылда 96 пайыз жердің электронды картасы жасалды. 40 миллион гектар жер есепке алынып, салықпен байланыстырылды. Жүйеге бұрын есептелмеген 790 мың жаңа және 520 мың қосымша құрылғылар енді. Осылар арқылы бюджетке 1,1 триллион сумдық қосымша кіріс пайда болды.

    Сондай-ақ, резервтегі 1,2 млн гектар ауылдық жерлерге кадастр жүргізу есебінен 675 мың тұрғындар мен шаруаларға 425 мың гектар жер үлестірілді.

    Десек те, салада әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Атап айтқанда, 146 мың шақырым ішкі жолдар мен оның маңындағы жерлердің құжаты жоқ.

    Су шаруашылығында да жағдай осындай. Су қоймалары, каналдар мен коллекторлардың айналасындағы бос жерлер тұрғындар мен кәсіпкерлерге аукцион арқылы берілуі мүмкін. Алайда, бүгінгі таңда 827 мың гектар су қоры жерінің 380 мың гектарының ғана кадастрлық құжаты бар.

    Сондықтан жол және су қорының жер кадастрын аяқтап, пайдалануға жағдай жасау жөнінде тапсырма берілді. Бұл арқылы 1 миллион адамды жұмыспен қамтуға болатыны айтылды.

    Есептеу бойынша, республикада 2,4 миллион үйдің жекеменшік құжаттары жоқ. Олардың жер кадастрлары жасалса, адамдарға құқықтық және экономикалық негіз болады. Сондықтан құжатсыз үйлерге меншік құқығын беру туралы заң жобасын пысықтау міндеті қойылды.

    Сондай-ақ, халық көп жылдар бойы баспана ретінде пайдаланып келген, бірақ құжатта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болып қалған 817 мың гектар жердің шекарасын белгілеп, жер санатын өзгерту туралы ұсыныс жасалды.

    Кадастрлық жүйедегі жұмыстардың ауқымдылығы да кезек күттірмейтін мәселе. Биыл 1,5 миллион кадастрлық қызмет көрсетілсе, оның 600 мыңы кадастрлық жинаумен байланысты. Жүйедегі қызметкерлердің 25 пайызы осымен айналысады. Олардың жұмыс көлемі екі есеге көбейген.

    Осыған орай Ташкент қаласы мен Ташкент облысында тәжірибе ретінде жеке кадастрлық инженерлер институты енгізіліп, 165 жеке кадастрлық инженерлер қызметі іске қосылды.

    Енді бұл қызметке жеке секторды тарту көзделуде. Халық қаласа жеке секторға, қаласа мемлекеттік мекемеге жүгіне алады. Осы мақсатта жылжымайтын мүліктер жаңа «UZKAD» ақпараттық жүйесіне көшіріліп, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап республиканың барлық аймақтарында жеке кадастрлық инженерлердің қызметі жолға қойылады.

    Мемлекет басшысы кадастрлық қызметтің ауқымы мен сапасын арттыру, білікті кадрлар даярлау, саланы ғылыммен үндестіру, цифрландыруға баса назар аудару қажеттігін айтты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates