Көрме аясында Иран Ислам Республикасы Мұнай министрлігінің  құрамына кіретін бірқатар ұйымдарымен, кәсіпорындарымен кездесулер мен келіссөздер жүргізілді.

Атап айтқанда, Иранның Ұлттық мұнай компаниясы (National Iranian Oil company, NIOC) және Ұлттық мұнай-химия компаниясында (National Petrochemichal Company, NPC) мұнайды және газды қайта өңдеу жобалары бойынша келіссөздер жүргізілді.

Мәлімет ретінде айта кетейік, NIOC компаниясы тәулігіне орта есеппен 4 миллион баррель мұнай мен 500 миллион текше метр газ өндіруге қауқарлы.

Кездесулер барысында «Узбекнефтгаз» АҚ өкілдері Өзбекстан Республикасындағы мұнай-газ саласында жүргізіліп жатқан трансформация үдерістері, инвестициялық жобалар, кәсіпорындардың өндірістік қуаттары, салынып жатқан технологиялық және химиялық кластерлер туралы ақпарат берілді.

Кездесуде сонымен қатар Иран компанияларының қызметіне арналған және қайта өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы саласындағы жүзеге асырылған жобалардың тұсаукесері өткізілді.

Өз кезегінде, ирандықтарға «Узбекнефтгаз» АҚ кәсіпорындарының өндірістік қуаттары, импорт  өнімдерінің номенклатурасы, түрі, техникалық талаптары, сатып алу тәртіп-ережелері туралы толық ақпарат берілді.

 Компаниялар өкілдерімен зауыттар деңгейінде ынтымақтастықта жұмыс істеу бойынша мамандарды анықтап алу, өзара мүмкіндіктерді зерделеу бойынша ұсыныстар алуға келісілді.

Кездесуде «Ўзбекнефтгаз» АҚ ынтымақтастығында полимер өнімдерін терең қайта өңдеу, құбырлар мен пленкалар үшін композит полимерлер өндіру мүмкіндігі, сондай-ақ полимерлердің жаңа маркаларын игеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» баспасөз қызметі.