«Азаматтардың мемлекеттік зейнетақымен қамтылуы туралы» Заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

    Ел назарында 1 Fevral 2022 3187

    Үстіміздегі жылдың 1 февралінде Олий Мажлис Сенатының Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің мәжілісі өтті.

    Оған Сенат және Комиссия мүшелері, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Жиналыста Олий Мажлис Сенатының кезекті жалпы мәжілісінде қаралатын мәселелер бастапқы түрде талқыланды.

    Атап айтсақ, «Азаматтардың және кәсiпкерлiк субъектiлерi құқықтарының кепiлдiктерiн одан әрi күшейтуге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбiр заңнамалық құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгiзу туралы» Заңы қаралды.

    Айтылуынша, Заңмен Еңбек, Азаматтық және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Азаматтардың мемлекеттік зейнетақылармен қамтылуы туралы» және «Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы туралы» заңдарына өзгертулер мен қосымшалар енгізіледі.

    Атап айтқанда, «Азаматтардың мемлекеттік зейнетақымен қамтылуы туралы» Заңда баланы бағу демалыстарында болған уақыттың барлығын жинағанда ең көп дегенде 6 жылдық кезеңді еңбек өтеліне қосып есептеудің (бұл алдын 3 жыл еді) көзделгені белгіленді.

    Азаматтық кодекстің 565-бабына сәйкес, автомототранспорт көліктері электрондық сауда платформасы арқылы электрондық онлайн-аукцион арқылы жалға берілгенде жалға беру шарттарын нотариалды тәртіпте бекіту талап етілмейді. Бұл ретте электрондық онлайн-аукцион нәтижелеріне бойынша ресімделген хаттамалық жалдау келісімшарты өз күшіне ие екені туралы ереже енгізілуде.

    Сондай-ақ мәжілісте елімізде «Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындар денсаулығын нығайту жылы» Мемлекеттік бағдарламасының экономиканы дамыту және ырықтандырудың үстем бағыттары бойынша жүзеге асырылған істер талқыланды.

    Атап айтқанда, коронавирус пандемиясының республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін жұмсарту туралы дер кезінде қарастырылған шаралардың нәтижесінде 2021 жылы жалпы ішкі өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға, оның ішінде өнеркәсіп 8,7 пайызға, құрылыс істері 6,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,0 пайызға, бөлшек сауда айналымының көлемі 12,0 пайызға өсуіне қол жеткізген.

    Мемлекет бюджетінің табыстары 164,7 триллион сумды құрады, оның 127,9 триллион сумы (77,6%) салық түсімдері, 33,2 триллион сумы (20,2%) кедендік төлемдер үлесіне тура келген.

    Азаматтар берген ұсыныстарды қаржыландыруға аудан мен қаланың қосымша кіріс көздерінің 30%-ын және 14 аудан (қала) бюджеті қаражатының 5 пайызын (әрбір аумақта 1-ден), жалпы 407,1 миллиард сум қаржы 1600-ге жуық жобаны жүзеге асыру үшін бөлінген.

    Мәжіліс барысында ауыл шаруашылғында суды үнемдейтін технологияларды енгізу және осы мақсатта бөлінген қаржыларды пайдалану нәтижелілігі туралы Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ш.Ғаниевтің ақпары бастапқы түрде қаралды.

    Өзбекстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 10 июльдегі

    Жарлығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы жалпы 515,2 мың гектар жерге суды үнемдеу технологиялары, оның ішінде 197,5 мың гектар жерге тамшылатып суару енгізіліп, су үнемдеу технологиялары енгізілген жалпы жер көлемі 197,5 мың гектарға немесе суғарылатын жерлердің 20 пайызға жеткізілгені айтылды.

    2021 жылдың январь-сентябрь айларында суды үнемдейтін технологияларды кеңінен енгізу арқылы мақта өсіру мақсатында 754,4 миллиард сум қаржы игерілген.

    Талқылау барысында су ресурстарын тиімді пайдалану тәртібі мен су үнемдеу технологиялары, мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге, жаңа жүзімдіктер салу үшін тамшылатып суару үшін құдық қазуға және өндіріске енгізуге бөлінетін субсидиялар бойынша бірқатар мәселелер мен кемшіліктердің бар екені айтылды.

    Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде суды үнемдейтін технологиялар енгізілгенімен, кей жағдайларда жерді дәстүрлі тәсілмен суаруға, суды тиімсіз пайдалануға жол берілген. Бұл кемшіліктер негізінен Жызақ, Ферғана, Хорезм облыстарында анықталған.

    Сондай-ақ суды үнемдеу технологияларын енгізуде Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ аумақтық, аудандық жұмысшы топтары жауапкершілікті сезінбегендігінің салдарынан көп жағдайда енгізілген суды үнемдейтін технологиялардың жобалық құжаттары техникалық талаптарға жауап бермейтіні және құрылыс-құрамалау істері сапасыз жүргізілгендігі айтылды.

    Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates