Мемлекет басшысы реформаларды одан әрі жеделдету жөнінде кеңес өткізді

    Билік 20 Sentabr 2022 6257

    20 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев реформаларды одан әрі жеделдету және олардың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Соңғы жылдар Өзбекстанда түбегейлі реформалар кезеңі болғаны халқымызға белгілі. Көптеген салаларда бірінші кезектегі мәселелер шешілді.

    Атап айтқанда, шетел валютасын еркін айырбастау жолға қойылды. Салық жүйесі реформаланып, салықтардың саны қысқартылды. Кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі кеңейді. Кедендік рәсімдер жеңілдетілді. Барлық салаға ақпараттық технологиялар енгізілуде. Ауыл шаруашылығында нарықтық механизмдерге өтуде. Мәжбүрлі және балалар еңбегін пайдалану тоқтатылды.

    Өңірлерді дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа жүйелері де енгізілді. Білім беру мен медицина саласының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Жалпы, бүгінде 100-ден астам сала мен бағыттар бойынша реформалар жүзеге асырылуда.

    Енді әлемдегі қарқынды өзгеріп жатқан саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, тұрақты өсуді жалғастыру және халықтың өмір салты мен жағдайын одан әрі жақсарту үшін реформалардың келесі кезеңін жүзеге асыру қажет. Ең бастысы, бұл реформалар асықпай, қисынды дәйектілікпен және жүйелі түрде жүргізілуі керек.

    Осы мақсатта Мемлекет басшысының 9 қыркүйектегі жарлығымен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігі құрылды.

    Бүгінгі жиында осы Агенттіктің қызметін құру мәселелері талқыланып, басым бағыттар көрсетілді.

    – Реформалардың нәтижесінде оң өзгерістер болуы керек, оны адамдар өмірінде сезінуі керек. Ол үшін агенттік басым реформаларды айқындайтын, оларды үйлестіретін және тиімділігін қамтамасыз ететін құрылымға айналуы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

    Жиында осыған байланысты негізгі міндеттер айтылды. Жеке секторлар мен жүйені реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеу, реформалардың басымдылығы мен логикалық бірізділігін айқындау, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, жүйелі проблемаларды анықтау және тиісті шаралар қабылдау – осындай маңызды міндеттердің қатарында.

    Мәселен, ауыл және су шаруашылығы, жер қатынастары, экономикада мемлекеттің үлесін қысқарту, көлік, коммуналдық шаруашылық, медицина сияқты салаларда алға қойылған мақсаттар орындалмағанын талдаулар көрсетіп отыр. Стратегиялық реформалар агенттігі мұндай проблемаларды сыни тұрғыдан талдап, жұмысты жеделдету үшін нақты шараларды белгілейтін болады.

    Сондай-ақ жұмыс орындарын көбейтіп, халықтың табысын арттыру үшін экономиканың басым салаларын анықтау өте маңызды.

    Сондықтан Мемлекет басшысы халықтың барлық топтарына оң әсер ететін реформаларды айқындап, «Жол картасын» әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Халықтан сұраныс көп түсетін салаларға назар аударып, оларда қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын, халыққа қандай пайда әкелетінін нақты көрсету керектігін баса айтты.

    Басым бағыттарды реформалау мен үйлестіру жөнінде министрліктер мен ведомстволардың білікті мамандары және халықаралық сарапшылардан тұратын Жобалық топтар құру міндеті қойылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates