IT Park өз резиденттерінің қызметін кеңейтеді — Министрлер Кабинетінің қаулысы

    Цифрландыру 4 Yanvar 2024 336

    2023 жылдың 29 декабрінде Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Бағдарламалық өнімдері мен ақпараттық технологиялар технопаркінің» (IT PARK) резиденттері тарапынан жүзеге асыруға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы қаулы қабылдады.

    Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, ІТ- Park резиденттері мультимедия және дизайн қызметтерін (веб-дизайн, графикалық дизайн, компьютерлік ойын дизайны, вектор графикасы, 3D графикасы, визуализация дизайны, моушен- дизайны), ұсыну, бағдарламалық өнімдерден пайдалана отырып мультипликация өнімдерін өндіру, ақпарат технологиялары саласындағы венчурлық қаржыландыру және акселерация бағдарламаларын жүзеге асыру қызметін, сондай-ақ киберспорт саласында қызметтер көрсету құқығына ие.

    Сонымен қатар, жаңа қызмет түрлеріне сәйкес IT- Park резиденті мәртебесін алу үшін заңды тұлғалар төмендегі өлшемдерге жауап беруі қажет:

    — ақпарат технологиялар саласындағы жобаларды венчурлық қаржыландыру және акселерация бағдарламаларын іске асыру үшін — заңды тұлғалар IT- Park немесе оның филиалдары аумағындағы заңды мекенжайы бойынша орналасуы қажет;

    — киберспорт саласында қызмет көрсету үшін заңды тұлғалар бекіткен тізімге сәйкес халықаралық сертификаты болуы керек.

    Жаңа қызмет түрлері ақпарат технологиялары саласындағы қызметтерді көбейту, жастардың мультимедиа, дизайн, анимация, киберспорт бойынша білімдерін дамытуға үлес қосуы, сондай-ақ стартаптарды қаржыландыруға және қолдап-қуаттауға көмектеседі деп күтілуде, деп хабарлайды it-park.uz.

    Мұның барлығы саланың басты мақсаты – 2030 жылға дейін экспорт көлемін 5 миллиард долларға жеткізуге негізделіп, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елімізде ІТ-қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға негіз жасайды.