АКТ министрі Шерзод Шерматов орталықтың қызметімен жақыннан танысып, IT саласындағы бүгінде жүзеге асырылған істерге қатысты ұсыныстарын айтты.
Сондай-ақ жиынға Жастар істері агенттігінің директоры Алишер Саъдуллаев та қатысты. Агенттік директоры Жастар порталын одан әрі жетілдіріп, жастарға қосымша жағдай жасау жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар АКТ министрі Жастар порталын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында жастар дәптеріне енгізілгендердің ІТ бағытында білім алуына мүмкіндік жасау мәселелері де талқыланды.
Содан соң АКТ министрі оқу орталығында білім алып жатқан оқушылармен ашық сұхбат жүргізді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.